Соңғы жаңалықтар

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жомарттық – жанның жылуы

Жомарттық – жанның жылуы


Қазақта «Ауру кірді дегенше, әлек кірді десейші» деген қанатты сөз бар. Ұлымның қабағына кіреуке қонғанына мен де анасы ретінде қоса қамығып, жаным жай таппай кететіні рас. Осындайда өзім жұмыс жасап жүрген мектеп ұжымының көмегі көңіліме көп демеу.
Мектеп басшысы, аяулы әке, қамқор аға Мұхтар Әбутәліповтың қамқорлығына алғысым шексіз. Қаншама уақыттан бері ұлым Исаның денсаулығына байланысты өзі жекелей де, мектеп ұжымы да қолдан келгенше көмектерін аяп қалған емес. Қам-көңіл ана үшін мұның өзі үлкен көмек. Ұлымның  көзін емдету үшін көмек сұрай келгенімде жанашырлық танытып, балапанымның жүрегіне жылылық ұялатып еді. «Көмек керек болса әрқашан дайынбыз» деген Мұхтар Әнуарұлының бастамасымен ұлым Исаның тезірек жазылып кетуіне тілектестігін білдірген еді. Осы ретте мектеп директорына, ұстаздарына  аналық алғысымды білдіре отырып, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілеймін.
Индира ӘЛЖАНОВА
11 наурыз 2021 ж. 553 0