№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Пән мұғалімдері баспана құрылысына үлесін қосты

Пән мұғалімдері баспана құрылысына үлесін қосты

⠀
"ЖЖЖ" ерікті жастарының бастамасымен салынып жатқан 3-ші баспана құрылысы қарқынды жүруде. Бүгінде қабырғасы толық көтеріліп, бір салары салынды. Сауапты істе ұстаздар қауымы да қарап қалмады. Ауданның дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері баспанаға қажетті барлық терезелерін алып берді.
⠀

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Қайрат Оралбеков, дене шынықтыру пәнінің бірлестік жетекшісі Әзілхан Жүнісұлы бастаған сауапты бастаманы №239 мектептен С.Абылов, №56 мектептен Ғ. Аринов өздерінің қомақты қолдауымен қарекетке көшті. Жас буынға ағалық үлгі көрсетіп жүрген дене шынықтыру саласының ардагер ұстаздары Мұхтар Әлжанұлы, №54 мектеп Ө.Оспанбеков, №208 мектеп Т.Аппаз, №256 мектеп Қ. Бабанов пен 6 аймақтың жетекшілері өз үлестерін қосты. "Арпа ішінде бір бидай" демекші, №110 мектеп-лицейінен Индира Манасбайқызы мен жалпы саны 40 ұстаз ортадан садақаларын беріп, баспанаға қажетті пластик терезесін алып берді. Атсалысқан барша дене шынықтыру пәнінің ұстаздарына алғыс айтамыз.
14 мамыр 2020 ж. 910 0