№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » «Елбасы бұл сынақты жеңіл еңсереді деп сенеміз»

«Елбасы бұл сынақты жеңіл еңсереді деп сенеміз»

Сыр өңірінің жұртшылығы коронавируспен сырқаттанып қалған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың қатарында Сыр бойының беделді азаматтары, соғыс және еңбек ардагерлері, спорт пен өнер тарландары, бизнес және жастар өкілдері бар. Бұл азаматтар Елбасыға ыстық ықыласын арнап, мықты денсаулық тілеп, шынайы лебізін жеткізген.
Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, ғасыр жасаған ақсақал Бөрібай Құлманов өз тілектестігінде «Сіз әлем елдерін жайлаған індеттің алдын алып, алғашқы болып жедел шешім шығарып, тиісті шаралардың қабылдануына зор ықпал еттіңіз. Өзіңіз Алаштың анасына балаған Сыр жұртшылығы пандемия кезінде Сіздің халыққа жасаған қамқорлығыңыз бен жанашырлығыңызды ерекше сезінді» деп ризашылығын білдіреді.
Белгілі жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов «Аты жаман науқас артта қалып, жақсы күнге жетіп, еліміздің бұдан әрі дамуын қара орман халқыңыздың Елбасымен бірге көруіне нәсіп етсін!» деп ағынан жарылып, тілек айтады.
Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев Сыр диқандарының атынан «Бұл сынақты жеңіл еңсереді деп сенеміз және әрқашан деніңізге саулық тілейміз» деп шынайы ниеттестік танытса, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА академигі Бақберген Досманбетов: «Сіз салған сара жол арқылы халқымыз кез келген қиындықты еңсеретініне сенімім мол!» жылы лебізін арнаған.
Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері Элизабет Тұрсынбаева: «Бүгінгі күні әлемді шарпыған індеттің Өзіңізге де жеткені туралы хабар мені де бейжай қалдырмады» деп жанашырлық білдіреді. Ал ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин: «Өзіңізді арқаңызда Қазақстан өсіп-өркендеп келеді» ризашылығын аңғартты.
Сондай-ақ, Арал өңірінің балықшылары атынан Қазақстанның бұрынғы Балық шаруашылығы министрі, мемлекет қайраткері Құдайберген Саржанов, денсаулық сақтау саласының ардагері Тұрғанбай Маханов Тұңғыш Президентке жанашырлық танытып, тілектерін арнаған. «Алтын домбыра» жүлдесін екі мәрте иеленген айтыскер ақын Мұхтар Ниязов руханият саласын үнемі қолдап келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаевқа аман-саулық тілеген.
Елбасының тезірек сауығып кетуіне «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазалы аудандық теміржол саласы ұжымдары да шын көңілден ниеттестік білдірген.
Әділжан ҮМБЕТ.

21 маусым 2020 ж. 556 0