№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» ТҮЛЕКТЕР КЕШІ: ысырап болмасын

ТҮЛЕКТЕР КЕШІ: ысырап болмасын


Әне-міне дегенше мектеп бітіруші түлектер үшін «Соңғы қоңырау» соғылды. 11 жыл бойы білім нәрін сусындатқан ұстаздарымен, сыныптас достарымен қош айтысып, армандары алға жетелеп, үкілі үміттері желбіреген жас түлектер үшін ең жауапты кезеңдер туды.

Бұл жауапты кездетүлектерден бұрын ата – аналардың да ат салысып кететіндігі баршамызға мәлім. Өйткені бірі тұңғышының, бірі сүт кенжесінің лезде ержетіп, жаңа өмірге қадам басатынына алаңдаулы болса, енді бірі баласын жұрттан кем қалдырмаймын деп әлек.
Осы орайда аудандық білім бөлімінің басшысы Б. Ибрагимовтың «Нағыз бәсеке – білімде» атты мектеппен қоштасу кешіне байланысты жазылған мақаласы ақылға қонымды және қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі болып отыр. Өйткені жаңа заманның ағымымен өсіп келе жатқан ұрпақтың талғамы өте жоғары. Яғни олардың ханшайым мен ханзададай киінгені, мерекелік кортежі, банкет, бейнетаспа т.б сияқты керек – жарақтың бәрі отбасылық бюджетке аз салмақ салмасы бәрімізге аян.
Әр ата – ананың ойында баласын «ешкімнен кем қылмау» тұрса, әр баланың жүрегінде «ешкімнен кем болмауым» керек деген ұран жатыр. Мұның бәрі айналып келгенде ысырапшылық және бәсекеге әкеліп соқтырады. Ал бәсеке бар жерде бірлік, береке, ынтымақ болмайды. Асыл дініміз Алланың тура жолы исламда ысырапқа байланысты хадистер де жетерлік. Қасиетті Құран Кәрімде «ішіңдер, жеңдер бірақ ысырап қылмаңдар. Шындығында Алла Тағала ысырап қылушыларды сүймейді», – делінген. (Ағфар сүресі, 31- аят). Яғни ысырап етушілерді Ұлы Жаратушы да жаратпайды.
Нағыз бәсеке жалт – жұлт еткен уақытша дүниелерде емес, өмірлік азық болатын білімде екендігін бітіруші түлектеріміз түсіндіру мақсат арманына жетуге дұрыс жолын көрсету ата - аналар парызы.
«Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы» деп Мұхтар Әуезов айтқандай жас өрендерімізге сауапты, игілікті бағыт, бағдар берейік.
Сондықтан білім бөлімінің басшысы Б. Ибрагимовтың «Нағыз бәсеке – білімде» деген бастамасын қолдайтынымызды айтқымыз келеді.

№169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектеп ұжымы.
---
25 мамыр 2019 ж. 1 016 0