№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Төрт түліктен төрде тұрмыз

Төрт түліктен төрде тұрмыз


Соңғы 5 жылды алып қарасақ Жаңақорған мал шаруашылығы жөнінен көш басында келе жатқан аудан. Жылқы мен ірі қара, әсіресе қой мен ешкінің облыс бойынша үштен бір бөлігі біздің ауданға тиесілі. Сондықтан жыл сайын ауыл шаруашылығы саласы, оның ішінде мал бағыты бойынша озық келеміз. Биылғы межеде осыны еңсеру жоспары тұр.

Жалпы аудан бойынша 781 шаруашылық құрылымы болса, басым көбі мал шаруасына дем береді. Тіпті шаруашылығы болмаса да көрші-қолаңда да мал басы байқалады. Осының өзі ауданның мал шаруасына қолайлы екенін аңғартса керек. Оның үстіне репродукторлы шаруашылықтар саны артып, асыл тұқымды мүйізді ірі қара басы артты.
2020 жылдың есепті кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 16 млрд 341 млн теңге, нақты көлем индексі 103,2 пайызды құрады. Оның ішінде, 7 млрд 617 млн теңгесі (105,1 процент) мал шаруашылығының үлесін құрады. 2020 жылдың 1 қазандағы мәлімет бойынша, 71 498 бас мүйізді ірі қара (өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 102,5 процентке өскен), 298 мың 116 бас уақ мал (114,9 процентке өскен), 18619 бас жылқы (113,4 процентке өскен), 1797 бас түйе (109,7 процентке өскен) бар. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5000 бас уақ мал сатып алу жоспарланып, 10 шаруашылық 123,5 млн теңге несие алып, 3777 бас қой алынды.
Айта кететіні, мүйізді ірі қара малын сатып алу жоспары 284 бас болып бекітілген. Бүгінде ауданға шет елден 208 бас асыл тұқымды «қалмақ» қашарлары сатып алынды. («Парадин» ш/қ 128 бас, ДК «Ерасыл» 80 бас) Қазіргі таңда Қыркеңсе ауылдық округіне қарасты «Маржан» шаруа қожалығы 100 бас мүйізді ірі қара малын және Аққорған ауылдық округіне қарасты «Заман Ата» шаруа қожалығы 100 бас мүйізді ірі қара малын «Аграрлық Несие корпорациясы» арқылы сатып алуға өтінім беріп, тиісті жұмыстар жасалынды.
Енді биылға меже ауқымды, көлемі кең. Оны алдағы уақыттың еншісіне қалдырайық. Ең бастысы осы еңсерген межеден төмен түсіп қалмасақ болғаны.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
08 наурыз 2021 ж. 608 0