№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Аграрлық салада серпіліс бар

Аграрлық салада серпіліс бар

Жаңақорған ауданы ауыл шаруашылығы саласы бойынша Қызылорда облысының көш бастар локомативіне айналған деп айтуға болады, деп бастады сөзін Руслан Рүстемов брифингте.

– Олай дейтінім облыс бойынша ауылшаруашылығы өнімдерінің 21 пайызы Жаңақорған ауданының үлесінде. (Оның ішінде уақ малдың үлесі 50 пайыз). Ал, енді егін шаруашылығының басым бөлігіне күріш дақылы ие болып келді.  Дегенмен қазіргі талап деңгейімен алғанда, суды аз қажет ететін дақылдарды орналастыру жақсы жүйемен жүзеге асып келеді, – деді аудан басшысы.
Нақты статистикалық мәліметтерге қарағанда, 2020 жылдың есепті кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 16 млрд. 341 млн. теңге, нақты көлем индексі 103,2 пайызды құрады. (2019 жылғы 9 айы – 13 млрд. 215 млн.теңге).
Оның ішінде 8 млрд. 498 млн. теңге (101,7%) егін шаруашылығының, 7 млрд. 617 млн. теңгесі (105,1%) мал шаруашылығының үлесін құрады.
Жаңақорған ауданында мал шаруашылығы қарқынды дамуда. 2020 жылдың 1 қазандағы мәлімет бойынша 71 498 бас мүйізді ірі қара (өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 102,5 пайызға өскен), 298 мың116 бас уақ мал (қой) (114,9 пайызға өскен), 18619 бас жылқы (113,4 пайызға өскен), 1797 бас түйе (109,7 пайызға өскен).
Биыл «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5000 бас уақ мал сатып алу жоспарланып, 10 шаруашылық 123,5 млн. теңге несие алып, 3777 бас қой алынды. Жоспар 75,4 пайызға орындалып отыр. Жыл соңына дейін жоспар артығымен орындалатын болады.
Анықтама үшін.Мүйізді ірі қара малын сатып алу жоспары 284 бас болып бекітілген. Бүгінде ауданға шет елден 208 бас асыл тұқымды  «қалмақ» қашарлары сатып алынды. («Парадин» ш/қ 128 бас, ДК «Ерасыл» 80 бас) Қазіргі таңда  Қыркеңсе ауылдық округіне қарасты «Маржан» шаруа қожалығы 100 бас мүйізді ірі қара малын және Аққорған ауылдық округіне қарасты «Заман Ата»  шаруа қожалығы 100 бас мүйізді ірі қара малын «Аграрлық Несие корпорациясы» арқылы сатып алуға өтінім беріп, тиісті жұмыстар жасалуда.
2020 жылғы жоспар бойынша индикативтік жоспардың орындалуына келер болсақ;
Бұқашықтарды 1000 бастан басталатын бордақылау алаңына өткізу жоспары 1848 бас болса, бүгінгі күнде 1991 бас бұқашық өткізіліп отыр. Жоспар 108 пайызға орындалған. Ал, мүйізді ірі қара мал басының аналығымен тұқымдық түрлендіруге қатысатын аналық басының жоспары (38 849 бас тіркелген) 32 пайыз болып бекітілсе, бүгінгі күнде 12998 бас аналық селекциялық жұмыстарға қатысып жоспар 33,5 пайызға артығымен орындалып отыр.
Осы бағдарламалар аясында асыл тұқымды мал басы санының үлес салмағы 25 пайыздан 39 пайызға артты. (ірі қара 4,5 пайызы, уақмал қойдың 25,0 пайызы, жылқының 9,5 пайыз. Бұл негізінен уақ малдың есебінен)
Мұнан өзге ауыл шаруашылығы өнімдерінің құнын тұрақтандыру бағытында 781 ауыл шаруашылығы құрылымын субсидиялауға 730 млн 600 мың теңге бөлінді. 2019 жылмен салыстырғанда 110 пайызға артқан. (2019 жылы – 665 млн теңге).
Ауыл шаруашылығында ет, сүт өндіру мен өндіріс көлемінің өсуі байқалады. Бұл саланы біз табанды түрде дамытатын боламыз. 
Ауданда агроөнеркәсіп кешенін дамыту және ауылдық округтерде өзін өзі жұмыспен қамтуға ниетті тұрғындарға жағдай жасай отырып, агроиндустриялды аймақтарда картоп, көкөніс және бақша өнімдерін өндіруді арттыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, Қандөз, Қаратөбе, Сүттіқұдық, Төменарық, Ақүйік ауылдық округтері және Жаңақорған кентінде барлығы 327 гектар жер қоршаланып, 219 гектар ауылшаруашылық дақылдары орналастырылды. Аудан бойынша 123 адамтүрлі маусымдық жұмыспен қамтылды.
Биылғы жылы аудан бойынша күзгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы техникаларынан 203 трактор, 90 астық жинау комбайндері 148 трактор тіркемесі толық қатыстырылды.
Соның ішінде 2020 жылы аудан шаруашылық құрылымдары жаңадан 3 дана МТЗ-82, 9 дана МТЗ-80 тракторы, 1 дана К-739 доңғалақты тракторы, 2 дана РСМ-181«Torum-750» роторлы комбайны және 3 дана MacDon маркалы комбайны, 4 дана лазерлі жер тегістегіші алынып, машина-трактор паркі 39,5 пайызға жаңаланды.
Сонымен бірге ауданда ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдейтін 42 күріш ақтайтын цех тіркелген.
27 қазан 2020 ж. 750 0