Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аграрлы саланың серпіні

Аграрлы саланың серпіні

2019 жыл ауданда ауыл шаруашылық  саласының даму деңгейі өсті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Жаңақорған ауданының әкімі Сұлтан Мақашов баяндады.
Ауылшаруашылық саласы бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамытып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді және экспорттық әлеуетті әртараптандыру бағытында тыңдырымды тірліктер көп. 2019 жылдың қаңтар-қазан айы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 16 142,9 млн. теңгені (101,8%) құрады. Оның ішінде егін шаруашылығы 9135,6 млн. теңге (100,6%), мал шаруашылығы 6 826,0 млн. теңгені (103,4%) көрсетті. Статистикалық мәліметке сәйкес, аудан бойынша егіс көлемі 35974 гектар.
оның ішінде:
– дәндi дақылдар – 11628 га,
– майлы дақылдар – 2418 га,
– мал азықтық дақылдар – 18 825 га,
– картоп, көкөнiс, бақша – 3103 га.
– күрiштің көлемі – 7 757 га.
Аудан бойынша егілген 7757 гектар күріш дақылының 6187 гектарына «Маржан» сорты (79,7%), 1400 гектарына «Лидер» сорты (18,1%), 170 гектарына «АйКерім» сорты (2,2%) сорттары себілді. Айта кететіні, ғалым-селекционер Керімхан Егізбаев пен Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институты бірлесе өндіріске енгізген күріштің «АйКерім» тұқымы өнімділігін көрсетіп, Сыр өңірінің ірі-ірі шаруа қожалықтарына таратылды. Бұл – Жаңақорған ауданының егін шаруашылығы саласындағы үлкен жетістігінің бірі.
Жалпы, 2737 га күздік бидайдан 7426 тонна (гектарына 27,1 цн), 120 га жаздық бидайдан 240 тонна (гектарына 20 цн), 100 га жаздық арпадан 149 тонна өнім (гектарына 15 цн), 2348 гектар мақсары 12,9 цн, 70 гектар күнбағыс (гектарына 25,4 цн) өнім алынды. Күріштің әр гектарынан 59,6 центнерден өнім жиналды.
2019 жылғы жоспар бойынша индикативтік жоспардың орындалуына келер болсақ, бұқашықтарды 1000 бастан басталатын бордақылау алаңына өткізу жоспары 2861 бас болса, бүгінгі күнде 2129 бас бұқашық өткізіп отыр. Жоспар 74 % орындалып отыр. Ал мүйізді ірі қара мал басының аналығымен тұқымдық түрлендіруге қатысатын аналық басының жоспары (33581 бас тіркелген) 11 888 бас болса бүгінгі күнде 12 000 бас аналық тұқымдық түрлендіруге қатысып отыр. Жоспар 101,0 % орындалып отыр.
Жаңақорған ауданы мал шаруашылығы саласымен мақтана алады. Соңғы жылдары «Сыбаға» бағдарламасы бойынша облыста көш бастаса, республика бойынша ондыққа кіреді. Мәселен, биыл «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 7800 бас уақ мал сатып алу жоспарланды. Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қорынан 47 шаруашылық 329 220,0 мың теңге несие алып, нәтижесінде 10 948 бас қой алынды. Яғни жоспар 140,0 % орындалды.
«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасының аясында шет елден мүйізді ірі қара малының аналығын сатып алу жоспары 375 бас болса бүгінгі күнде Ресей Федерациясынан «Заман-Ата» ш/қ 99 бас, «БекарысАгрофуд» ЖШС – гі 120 бас, «Есимова С» дара кәсіпкер 82 бас асыл тұқымды қалмақ қашарын сатып алды. Сонымен қатар «Амалбек» ш/қ облыстық ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры арқылы несие алып 50 бас асыл тұқымды қашар сатып алуға жұмыс жасауда.
«Барыс Агро» ЖШС – гі «Байқоңыр» ӘК АҚ мен бірлесіп 100 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алуға жұмыс жасауда. Жыл соңына дейін жоспарды 120 пайызға орындау жоспарлануда.
Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту бойынша «Нұрболат» шаруа қожалығынан Иран мемлекетіне 450 бас, «Көбелдес» шаруа қожалығынан Біріккен Араб Әмірлігіне 950 бас тірілей еркек тоқты экспортталып отыр.
2019 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша, 69592 бас мүйізді ірі қара, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 111,8 пайызға өскен. 245561 бас қой, (113,9 пайызға өскен), 16 065 бас жылқы (107,4 пайызға өскен), 1638 бас түйе (118,4 пайызға өскен).
11 желтоқсан 2019 ж. 1 069 0