№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қазыналы жерден маржан терген

Қазыналы жерден маржан терген

Әйелдің өзі нәзік болғанымен жүрегі батыл. Ер азаматтармен қатар шахта өндірісінде ауыр жұмыстарды мойымай атқарып келген Күлзейнеп Аманбаеваның еңбек жолынан қазақ қызына тән қайсарлықты байқадық.
Ол шахташылар отбасында өмірге келгендіктен жастайынан рудалық өндірістің қыр-сырына қанық болып өсті. Әкесі Әділбай Оңтүстіктегі кеніш орындарында дәнекерлеуші еді. Күлзейнептің әке жолын қумаққа ниеттенген таңдауына қарсылық танытса да, кейін қызының қайтпас мінезін біліп, көндіккеннен басқа шарасы қалмады.
Бұл отбасы Кентау қаласына 1962 жылы көшіп келіп, сонда ұзақ жыл тұрақтады. №1 қазақ орта мектебін үздікке аяқтаған Күлзейнеп Әділбайқызы темір-бетон шығаратын зауытта көтергіш кран көлігін жүргізді. Алғашқы күндері жүрексінген жас қыз құрылыстың қыр-сырын тез ұғып, берілген тапсырманы мұқият орындап, қарым-қабілеті жоғары екенін дәлелдеді. Қанттай етіп бетондарды жинап, көлікке құрылыс заттарын тиеу оның басты жұмысы еді. Бес жылда кранның түр-түрін меңгеріп, тізгіндеді.
Кейін эксковатор зауытына ауысып, ол жерде де ауыр техниканы басқарды. Еңбекқор қыз өмірлік жарын да шахтада жүргенінде кезіктірді.
Жас отбасы 1979 жылы Тәжікстан жеріндегі Байжансай кенінде бірге жұмыс істеп, сегіз жыл бойы қорғасын-мырыш өндіруге араласты. Бұл кеңес үкіметінің 90 пайыз руда шығарып тұрған мыңнан аса жұмысшысы бар, ірі кеніш орны еді. Осында көп жора-жолдас тауып,әріптес болды.
Шалқия кенішіне 1987 жылы жолдамамен келген екен. Мұнда клед-скиптрші болып қызмет етеді. Жаңа ғасырдың басында кен тіршілігі тұралап, күнкөріс кәсіп те құлдырайды. Бұлар Ақтөбе қаласындағы Ембінің Юбилейный қалашығында  «Алтын» өндіретін зауытқа келді. Алтынды қазып-шығару ісінде кеншілерді кледпен 1500-3000 метр тереңдікке қауіпсіз түсіріп-шығаруды қамтамасыз етті.  Сондакүніне 50-ден аса рейс жұмысы жүрді. Әр рейстің жауапкершілігі мен жүрекке салмағы жеңіл болған емес.
Осы жұмысты алпыс жасқа дейін абыроймен атқарыпты. Бұл отбасын шахташылар отбасы деуге болады. Екі ұл, бір қыз тәрбиелеген ананың кенжесі Есбол «Алтын» шахтасында электро-механик. Үлкен ұлы Нұрбол қаржы саласында, қызы Бақыт Шалқия кентіндегі әкімгершілікте іс жүргізуші. Еңбек жолын еске алған Күлзинеп Аманбаева:
–     Әйелдің қолынан қанша қызмет келсе де өзінің нәзік болмысынан, инабаттылығы мен иба­лығынан айнымаса, Жаратқан жолын жарық етері сөзсіз. Өзіммен бірге еңбек еткен Шалқиядағы, Байжансайдағы, «Алтын» кенішіндегі және барша шахташы қыз-келіншектерді мерейлі мерекесімен шынайы құттықтаймын, – дейді ақжарқын ана.
Мақпал МАРҚАБАЙ
07 наурыз 2021 ж. 396 0