№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » (Қорқынышты видео)Теміртауда ішінде жұмыскер әйел отырған кран құлап кетті

(Қорқынышты видео)Теміртауда ішінде жұмыскер әйел отырған кран құлап кетті

   Теміртау металлургия комбинатында кран құлап кетті. Абырой болғанда кранның ішінде болған краншы әйел зардап шеккен жоқ, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.



    Оқиға жайлы әлеуметтік желілерде пайда болған видеодан белгілі болды.
«АрсеорМиттал Теміртау» компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, тексеру барысында алдын ала өндіріс цехының ашық қоймасындағы кран-кронштейндердің бірінің жұмысы бұзылған. Содан кейін оқиға орнына зауыттың тау-кен техникалық және қауіпсіздік бөлімінің өкілдері шақырылып, кабина демонтаждалды. Дегенмен, бөлшектеу кезінде не себептен кран кабинасында адам отырғаны белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, қазір металлургия зауытында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 10 қарашада онда газ құбыры өртеніп, зауыт елеулі шығынға ұшыраған болатын. Бақытымызға орай, өрт кезінде ешкім зардап шекпеді. Ал арнайы комиссия төтенше жағдайдың себебін әлі жарияламады.



08 желтоқсан 2018 ж. 1 024 0