Әкімшілік әділет құрылымы – жария-құқықтық дауларды шешудің ерекше тетігі
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік- процестік Кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты:
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы “Әкімшілік рәсімдер туралы” Заңы;
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” Заңы күшін жояды.
Аталған заңдармен реттелген қатынастар жаңа әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексімен реттелетін болады.
Жаңа Кодексте :
әкімшілік орган
әкімшілік акт
әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) ұғымдары қолданылады.
Әкімшілік орган-бұл тек мемлекеттік орган ғана емес, мемлекеттік басқару саласында өкілеттілік берілген басқа да субъектілер.
Әкімшілік акт-бұл мемлекеттік органның, лауазымды адамның әкімшілік рәсімдерді жүргізу нәтижесінде қабылдаған шешімі.
Әкімшілік актілердің екі түрі болады:
қолайлы акт- әкімшілік рәсімге қатысушы жеке не заңды тұлғаға жаңа құқық беретін, оның міндеттемелерін тоқтататын, яғни оның жағдайын жақсартатын акт;
ауыртпалық түсіретін акт-әкімшілік рәсімге қатысушы жеке не заңды тұлғаның құқықтарын тоқтататын немесе міндеттемелер жүктейтін, жағдайын өзгеше нашарлататын акт.
Кодекс жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынастағы мәртебесін анықтап берді. Олардың:
әкімшілік рәсімге қатысу құқығы;
өз ұстанымын білдіру құқығы;
әкімшілік акт қабылданғанға дейін қосымша материалдар ұсыну құқығы бар.
Әкімшілік рәсімдегі жаңа ұғым:
тыңдалу құқығы.
Кодекспен тыңдалу құқығына кепіл берілген.
Тыңдау- өзіне қатысты әкімшілік рәсім жүргізіліп жатқан тұлғаның әкімшілік орган немесе лауазымды адам түпкілікті шешім қабылдағанға дейін өзінің ұстанымын білдіруі болып табылады.
Тыңдау-әкімшілік органның, лауазымды адамның міндеті.
Азаматтар үшін қолайлы болып табылатын құқықтық шешімнің күшін жоюдың ерекше тәртібі енгізіледі.
Азамат қабылданған шешімнің заңды екеніне, егер оның кінәсі болмаса, күші жойылмайтынына сенімді болуы қажет. Мемлекеттік органның не лауазымды адамның кінәсі адам үшін қолайлы актінің күшін жоюға әкеліп соқпауы тиіс. Адамдар олардың қызметтеріне тыңғылықсыз қарап, салғырттық тартуы салдарынан зардап шекпеуі тиіс.
Кодекс салық, кеден дауларынан басқа даулардың сотқа дейінгі міндетті тәртібін белгілейді.
Адамдарға қолайлы болу үшін жоғарғы тұрған органға шағымды төменгі тұрған орган арқылы берудің жеңілдетілген тәртібі енгізілген.
Әкімшілік орган шағым түскен күннен бастап 3 күн мерзім ішінде өзінің қателігін жөндеп, істі жоғарғы тұрған органға жолдамай-ақ әкімшілік рәсімге қатысушы үшін қолайлы акт қабылдауға құқылы.
Бұл адамдардың бұзылған құқығын жылдам қалпына келтіріп, уақытын үнемдейді.

P.S. Жаңа Кодекс жария-құқықтық қатынастарда теңсіздікті жоюға бағытталған еліміздің құқықтық кеңістігіндегі ерекше құқықтық құжат болып табылады.
Алия Тубекбаева