Жаңақорған аудандық сотында судьялардың семинар сабағы өтті
Жаңақорған аудандық сотында «Әкімшілік рәсімдік процестік кодексі бойынша әкімшілік сот ісін жүргізу» тақырыбында семинар өтті.
Аталған іс-шараға аудандық сот судьялары И.Тұңғышбаев, Э.Рыскулов және кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева қатысты.
Баяндамашы Ә.Б.Түбекбаева семинарды ашып, қазіргі уақытта еліміздің құқықтық кеңістігінде кеңінен талқыланып, оны жүзеге асыру бойынша қарқынды шаралар жүргізіліп жатқан жаңа заңнама-Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік Кодексі.
Аталған Кодекс ағымдағы жылдың 1 шілдесінде күшіне еніп, сол сәттен бастап республикамызда жария-құқықтық қатынастардан туындаған дауларды, яғни әкімшілік істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар өз қызметін бастайтынын атап өтті.
Жаңа заңнама бойынша іс жүргізу ерекшеліктеріне арнап слайд дайындап, слайдтар арқылы әкімшілік сот ісін жүргізудің тәртібімен таныстырды.
Онда, әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті, әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттары мен олардың мәні, сот ісін жүргізудің ақылға қонымды мерзімі, сот актілерінің міндеттілігі, әкімшілік істердің соттылығы, аумақтық соттылық, сот талқылауының шектері, әкімшілік сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары, татуластыру рәсімдері, процестік мәжбүрлеу шаралары, дәлелдеу міндеті, талап қою түрлері, талап қоюды қайтару негіздері, істі алдын ала тыңдауға дайындық, сот талқылауының мерзімдері, соттың шешімі, шешімнің заңдылығы мен негізділігі, сот шешімнің заңды күшіне енуі, сот бақылауы туралы кеңінен талқыланды.
Өз кезегінде жаңа Кодекс жария-құқықтық дауларды шешуде өз мақсатына жетіп, ел игілігіне қызмет ететініне кәміл сенетінін айтты.
Шараға қатысушылар жаңа Кодекс талаптарын талқылап, аталған жаңашылдықтардың тиімділігін сөзге тиек етіп, өз ойларын ортаға салып, талқылып, олар бойынша түсіндірмелер берді.

Жаңақаорған ауданының баспасөз қызметі
Пікір 2