Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢА ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКС ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАҢА ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКС ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарын таныстыру мақсатында семинар өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы, судьялары және кеңсе меңгерушісі, аудандық прокуратура өкілі Н.Оразметов, аудандық полиция бөлімінің өкілі Ә.Абдусаметов, аудандық заң консультациясының адвокаттары Г.Увайдаева, Д.Тұрабаев және кәсіби медиаторлар А.Баймуратов, А.Жәнібеков «True Conf» мобилдьді қосымшасы және «WhatsApp» желісі арқылы қатысты.
Сот төрағасы Ә.Түбекбаева Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Заңымен жаңадан Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі қабылданғанын, Кодекс 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетінін, Кодекстің мақсаты - азаматтардың басқарушылық шешімдер қабылдауға белсенді қатысуына, жоғары тұрған органдар мен сотта билік органдарымен арадағы дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін әзірлеуге мүмкіндік беретін кепілдемелер жиынтығын жасау болып табылатынын атап өтті.
Кодекс - мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейтінін, сондай-ақ, әкімшілік рәсімдердің негізгі міндеттері-жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру, жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу, тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз ету, жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табылатынына тоқталды.
Семинар барысында төраға Ә.Түбекбаева Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары, Кодекс аясында әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайтын істер, әкімшілік рәсімдердің міндеттері, әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті, соттың белсенді рөлі, әкімшілік іс бойынша талап қою түрлері, талап қоюды беру мерзімі, татуластыру рәсімдерін қолдану, сот шешімі, сот бақылауы жайлы талаптарды түсіндірді.
Шараға қатысушылар жаңа Кодекс талаптарын талқылап, аталған жаңашылдықтардың тиімділігін сөзге тиек етіп, өз ойларын ортаға салды.

Ақпарат:Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
09 қазан 2020 ж. 1 469 0