Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қыз тәрбиесі – ұлттық тәрбие

Қыз тәрбиесі – ұлттық тәрбие



«Қызды тәрбиелегеннің – бір ұрпақты тәрбиелегенің», – деген екен ата-бабамыз. Бұл сөздің астарында үлкен мән жатыр. Қыз болашақ ана. Ұрпақ жалғастығын бәрінен жоғары қоятын қазақ халқында. Атам заманнан келе жатқан салт-дәстүрдің қуанышы мол, қызықтысы – ұлын ұяға қондыру, қызын қияға ұшыру, келін түсіру болған. Ананы сыйлау, оның ішінде жаңа түскен жас келінді құрметтеу бұзылмас салт-дәстүрге айналған. Ұрпағымыздың бойына ұлттық тәрбиені, имандылық қасиеттерді сіңірсек, халқының әдеп-салтын жақсы білетін, ата-анасын сыйлайтын, ел үшін еңбек ететін ұрпақ тәрбиелеген боламыз. Қыз баланың ары мен абыройы, сыры мен сымбатын сақтауы, келешек өміріне даярлығы әрқайсысы өз алдына дербес тақырып. Халқымызда «бір ұл тәрбиелесең бір әулетті тәрбиелегенің, бір тәрбиелесең бір ұрпақты тәрбиелегенің» деген дана сөз бар.
Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған. «Қыз – өріс, ұл – қоныс» деп білгендіктен қазекем өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген.


«Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «қызға қырық үйден тиым» жасайды. Осы тұста қыз тәрбиесіндегі жеңге рөлі де көзден таса болмайды. «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді» деп тұжырымдаған. Өйткені әке-шешеге айта алмайтын сырды жеңгеге жеткізеді. Қыздың балғын болмыс-бітімі мен тәрбиесінің басы-қасында аяулы жеңгелер жүреді. Жеңге – ару ар-ұятының сақшысы. «Күйеу жаман болса қызыңнан» нәзік жандылардың намысын  жанитын қазекем тағы да «Қызды күте алмаған күң етеді, жібекті түте алмаған жүн етеді» деген.


Қыздарымыздың асыл қасиеті, жан-дүниесі нәзік, адал махаббат иесі болғандығын, дәулетке, байлыққа жиһазға қызықпағандығын жыр-дастандардан білеміз. Қазақ қызы махаббат атты асыл сезімді айрықша қастерлеп, аялаған. Сүйген адамымен қол ұстасып бірге жүрсе, тіпті қатықсыз қара көже ішсе де бақттымын деп, санаған.
Қазақтың батыл қыздары ақын қыздары, ақылды қыздары ұлтты тәрбиеледі. Пәрәнже сәтір кимеген, сөйте тұра еркіндік пен есерліктің ара жігін ажырата білген парасатты, тапқыр, төзімді, өнерлі, танысын төбесіне түйіп жауға шапқан батыр қыздар осы біздің қазақ халқында болған. Сол адамдық қасиеттерді бойына сіңіре білген жандардан тараған ұрпақ ақыл мен алғырлықтың бүкіл бітім-болмысын оданда артығырақ жақсартады.


Қыз өсіру гүл өсірумен бірдей! Әр ата-ана өз қызын өнегелі етіп өсіруге бар күшін салады.
Өткенге қарап отырсақ ата-бабаларымыз қыздарын жақсы келін болуға емес, әр саладағы жақсы мамандары болуға көп баулыды. Мұның өзі отбасындағы жарасымдылыққа жік түсіргенін жасыруға болмайды. Меніңше, қыз отбасыныңда, Отанының да шамшырағы. Болашақ ұрпақтың рухани несібесі бүгінгі қыздарымыздың қолында. Қыз – Ана тілінің анасы, қоғам қайраткері, әйелсіз ешбір қоғам алға баспайды. Қыз тәрбиесі тек әке мен шешенің ғана емес, ағайын-туыстың, бүкіл ауылдың, қоғамның мәселесі болуы тиіс. Дені таза, ширақ туып, ширап өскен, сіз-бізбен тілі шыққан, ата-анасын, ағайын-туысын, үлкенді сыйлап өскен ұл мен қыз халқымыздың болашағы, қоғамымыздың тұтқасы болмақ. Қыздар – ұлт анасы! Осы ұлт атағына лайық болыңыздар! Ұлт тағдыры қыздарға байланысты екенін ұмытпаңыздар, қазақ қыздары. Болашақ ұлт анасына қамқоршы болыңыздар. Алла тағала қолдаса, бүігнгі қазақ қыздары елін, жерін қорғайтын балуан, батыр, болашақ ұрпақтың асыл анасына айналарына сеніміміз мол. Қазақтың аяулы арулары бүгінді ғана ойламай, болашақты, келешек ұрпақты да ойласа деймін.
                                                                                                                   Әзия ҚЫСТАУБАЕВА.
16 мамыр 2019 ж. 2 593 0