№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көп балалы ана - ұлт байлығы

Көп балалы ана - ұлт байлығы

  Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана. Иә, ана деген сөзге бәрі де сыяр еді-ау, әрине оған дәл теңеу таба білсең… Балапандарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, аналық парызын өтеген Нұрдинқызы Күлайым осы теңеудің дәлелі.


Ана – бала үшін өмірдегі ең қымбатты жан. Қандай ана болмасын түн ұйқысын төрт бөліп баласына деген мейірімін, махаббатын суытпай ақ сүтін беріп асырайды. Әр ана баласының дені сау, жақсы азамат болғанын арман етеді. Күлайым әженің мейірімділігі сонша, отбасында қанша бала болса да, солардың әрқайсысына өзінің жақсы қасиеттерін үйрете отырып тәрбиелегені.
– Жеті сыныптық орыс сыныбын аяқтаған соң, он тоғыз жасымда Әбіл көкеңе тұрмысқа шығып бұл күнде 14 құрсақ көтеріп, олардан 50 немере, 27 шөбере сүйген батыр ана, асыл әжемін. Өткен күнде көрген қиыншылықтарға еш өкінбеймін. Осы күніме шүкіршілік, тәубе айтып қыздарымды қияға, ұлдарымды ұяға қондырған бақытты анамын, – дейді Күлайым әжей.
Жетпіс алты жастан асқан әжей әуелі Құдай, содан соң ата-ене арқасында балаларының қалай өсіп-өнгенін тіпті байқамапты. Ата-ене бұл пәниден озған соң балалардың алды ес білер шаққа жетіп сауда жасап, артындағы бауырларына қолғабысын тигізіпті. Үлкені 56-да, кішісі 32-ге келген батыр ананың ұрпақтары осы күнде өз алдына отау тігіп, ана жолын қуып, еліміздің демографиясына үлестерін қосуда. Айта кететін жайт, Күләйым әженің перзенттерінің де әрқайсысында 5-6 баладан екен.
Осы күнде мемлекет тарапынан көп аналарға көмегі аз емес. Кеше өткен "Нұр Отанның" XVIII-ші сьезінде әр балаға 21 мың теңгеден берілсін дегенді естіп немелерім үшін мен қуандым. Үйдегі келін "Күміс алқаны" кеудесіне таққан. Немере келін де бізбен бірге тұрады. Ендігі атаң екеуміздің бар үмітіміз баладан немерені, немереден шөберені көрдік. Шөбереден шөпшек көрсек деген тілегіміз бар, – дейді Күлайым Нұрдинқызы.
«Жұмақтың кілті – ананың табанының астында». Осы сөзден кейін есі бар, жер басып жүрген бүкіл адамзаттың анаға бас иіп, тағзым етпеуі үлкен қателік болар. Көп бала өсіріп, оларды адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеп отырған осындай аналар қандай құрметке болса да лайық!

Лаура БИБАСАРОВА.
07 наурыз 2019 ж. 1 379 0