Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Жаңақорған аудандық сотымен азамат Н-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 461 бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат Н. 2021 жылдың 3 ақпанында сағат 10:15 шамасында өзінің үйінде алкогольді масаң күйінде отбасы мүшелерінің мазасын алып, 2021 жылдың 30 қаңтарында шығарылған полиция бөлімінің қорғау нұсқамасын бұзған.
Сот отырысында өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлға Н. кінәсін мойындап, шын жүректен өкініп, кешірім сұрайтынын, алдағы уақытта қайталамайтынын айтып көрсетті.
Сондай-ақ өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлға Н-тың әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, медициналық куәландыру қорытындысымен, жәбірленушінің түсінігімен және іс бойынша басқа да жинақталған құжаттармен толық дәлелденіп бекітілген.
Аудандық сот қаулысымен Н. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 461-бабымен кінәлі деп танылып, оған ескерту жасалып, аудандық полиция бөлімінің алкогольдік ішімдік ішуге тыйым салуды көздейтін 3 ай мерзімге ерекше талаптар қою туралы өтінішхаты қанағаттандырылып, құқық бұзушы мiнез-құлқына ерекше талаптардың қолданылу мерзiмi iшiнде оған профилактикалық әңгiмелесу үшiн үш ай бойы айына үш рет аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің №2 полиция пунктіне келіп тұру мiндетi жүктелді.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі