Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Көлік құралын масаң күйде басқарған

Көлік құралын масаң күйде басқарған

Жаңақорған аудандық сотында азамат С-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігімен жинақталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, жүргізуші C. көлік басқаруға құқығы жоқ адам бола тұра 2020 жылдың 4 қараша күні көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2 тармағының талаптарын сақтамаған.
Іс құжаттарына тіркелген жүргізушінің алкогольді масаю күйін анықтау туралы медициналық қорытындысына сәйкес, өзі жөнінде іс қаралып жатқан тұлға С. «орта» дәрежелі мас күйінде болғаны анықталған. Одан басқа оның әрекеті өзінің берген түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, полиция қызметкерлерінің баянаттарымен және басқа да іс бойынша жинақталған құжаттармен толық дәлелденіп бекітілген.
Аудандық соттың қаулысымен азамат С. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
10 қараша 2020 ж. 726 0