Аудандық сотта семинар өткізілді
Жаңақорған аудандық сотында оқу сабақтарының жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңына байланысты семинар өткізілді.
Семинарға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі мен қызметкерлері қатысты.
Семинарда аталған тақырып бойынша бас маманы аға сот приставы М.Тұрғанбекұлы баяндама жасап, өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті екенін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болатынын айтып өтті.
Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының жалпы ережелеріне тоқталды.
Семинарға қатысушылар тақырып бойынша туындаған сұрақтарды талқылап, өзара пікір алысты.
Ақапарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі