Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Іс қағаздарын жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістер талқыланды

Іс қағаздарын жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістер талқыланды


Жаңақорған аудандық сотының қызметкерлері арасында «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу» қағидасына еңгізілген өзгерістер талқыланды.

Іс-шараға кеңсе меңгерушісі мен сот қызметкерлері қатысты.  
Кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева қазіргі таңда аудандық соттарда іс қағаздары осы жаңа қағидаға сай жүргізілетінін, аудандық соттағы кіріс-шығыс хат-хабарларын қабылдау, тіркеу, жіберу тәртібі, сот істері мен материалдарды тіркеу және есепке алу, сот істерін олар қаралғаннан кейін ресімдеу, апелляциялық және жеке шағымдар мен наразылықтарды қабылдау және есепке алу, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша сот актілерін орындауға жіберу тәртібіне кеңінен тоқталып өтті.
Сонымен қатар, кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының «Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» өкіміне өзгерістер енгізгені туралы баяндады. Кеңсе меңгерушісі аталған өкімнің әр тармағын талқылап, ережеден алып тастаған тармақтарына назар аударып, сот мамандарына сотта іс қағаздарын жүргізу талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.
Іс-шараны қорытындылай келе, аталған тақырып төңірегінде талқылау жүргізіп, өз ойларымен бөлісті.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
23 қазан 2019 ж. 873 0