№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қазақтың ұлы заңгері – Зиманов

Қазақтың ұлы заңгері – Зиманов


Қазақстанның жоғары заң және құқықтық ғылымының патриархы –Салық Зиманұлы Зиманов жайлы газет беттеріннен, ғылыми-зерттеу жұмыстарынан және көз-көрген қоғам қайраткерлерінің естеліктерін кездестіруге болады. Бұл мақалаларда Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ірі қайраткер, заңсаласына өлшеусіз үлес қосқан Салық Зиманов бар ғұмырын ел мен жер мүддесіне арнағандығы туралы жарияланған.Академик С.З.Зиманов жайлы көрнекті ғалым-заңгер, мемлекет қайраткері, Егемен Қазақстанның қалыптасуының бастауында тұрған өз Отанының нағыз патриоты ретіндегі тұлғасының қыр-сырын ашып,  Қазақстандық заң ғылымының негізін қалаушылардың бірі, бүгінгі күнгедейін үлкен теориялық және практикалық маңызы бар іргелі еңбектердің авторы екендігін К. К. Айтхожин өз еңбегінде атап көрсеткен.
Бұрынғы Гурьев қаласының (қазіргі Атырау) тумасы орта мектепті тәмамдаған соң, қазақ орта мектебiнде математика және физика пәнінің мұғалiмi болып жұмыс жасап, солжерде бiр жылданкейiн әскерге шақырылады да, Ұлы Отан соғысына қатысады. Ол әскерде көрсеткен батылдықтары мен батырлығы үшiн бірнеше ордендер мен медальдармен марапатталып, елге аман-есен оралған.
Соғыстан кейін өзiнiң ғылым жолын заң саласымен байланыстыруды шешкен ол -1948 жылы сырттай Бүкiл одақтық заң институтын аяқтап, көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазып шыққан.
Қазақ ғалымдары арасынан заңғылымдарының алғашқы докторы С.З. Зиманов 1961 ж. (Мәскеуде "XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың қоғамдық құрылысы" атты екі кітабы бойынша диссертация қорғаған» және "XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси жүйесі ғасырлар"). Ол сондай-ақ заң ғылымдары бойынша ҚазКСР ҒА бірінші академигі болып сайланған.
Академик С.З. Зимановтың Қазақстандық заң саласына қосқан үлесішексіз, ол қазақ халқының байырғы әдет құқығын, мемлекеттік және құқықтық жүйесін зерттеп, билер мен шешендердің билік өнерін бүгінгі ұрпаққа жеткізген ғалым. Өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында бір неше шәкірттерді дайындап, заң мектебінің ауқымын кеңейтті.
С. Зиманов қазақтың әдет құқығын зерттейкеле, келесідей пікірбілдіреді: «Қазаққұқығы («жарғы») кең-байтақ қыпшақ даласында еркіндік пен бостандық саясында, көшпелілердің дүниетанымы, өзіндіктеңдік, өзін-өзі басқару  ұғымдарының негізінде қалыптасып, дамыды. Ру ішінде ру аралық байланыстарда, сондай-ақ басқару қатынастарында шыншылдық, әділдік және адалдық сияқты моральды ққұндылықтарды тәрбиелеп, бекітуге ерекше көңіл бөлінді». Бұл орайда олқазаққұқығы әлемдегі тарихимаңызы бар құқықтық жүйелерарасында өзінің лайықты орнын иеленеалады және иеленуі тиіс деген ойға келеді. Ол қазақтың әдет құқығын терең зерттеген ғалымдардың алғашқыларына жатады. «Қазақтыңәдет-ғұрып заңдарына шариаттың әсері» деген еңбегінде: «Ежелден бекіген, кешегі күнге дейін жүйесін, ереже негіздерін бұзбай бізге жеткен қазақ халқының әдет-ғұрып жора-жолдарынзерттеу, оған тигізген басқаелдердің мәдениет мұраларының әсерін талдау, соның ішінде шариат әсерін тұжырымды ашу сол қазақ халқының «ескі ережелерінің» құндылығы мен маңыздылығына сыра түседі» деп ой қорытады. Бұл еңбекте ислам дінінің Қазақстанда таралуы, исламның қазақтың әдет-ғұрпына әсер ету кезеңдері, Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейінгі әдет-ғұрпы, ислам және саясат мәселелерін қарастырып, бүгінгі заң ғылымының дамуына үлес қосты.
Академик К.Ормантаев «С.Зимановтың заң саласының қыр-сырын зерттеудегі істері бүкіл республика жұртшылығының назарына ілінді, қаламынан туған ғылыми еңбектер мен мақалалар заң ғылымының негізін танытатын тарихтың қайталанбас беттеріне айналды» деп жазады.
Сонымен, академик С.З.Зиманов– қазақ елінің заң саласындағы атқарған ғылыми еңбектері тарихи жәдігер болып қала бермек. Қазіргі таңда заң бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының өзекті мәселелерін зерттеуге арқау болып, заң аясындағы қазақ тарихының бір бөлшегі десек те артық болмас. Болашақ ұрпаққа қазақ елінің әдет-ғұрпын сақтай отырып, заң жүйесіндегі құқық жайында ақылды шешім табуға және нағыз патриот азаматтарды тәрбиелеуге жол сілтейтін С.Зимановтың ғылыми еңбектерін назардан тыс қалдырмауымыз керек.  
Сабит ИБРАЕВ,
Жаңақорған ауданаралық әділет
басқармасының басшысы, «Қазақстан заңгерлер»
одағының мүшесі
16 ақпан 2021 ж. 540 0