№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Арқаның алтын сандығы

Арқаның алтын сандығы

1942 жылы 12 желтоқсанда қазақтың белгілі жазушысы, этнолог Ақселеу Сейдімбеков дүниеге келді.

1959 жылы орта мектепті бітірген соң, комсомолдық жолдамамен Қызылтау кеңшарында мал шаруашылығында еңбек етті. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1968–1975 жылдары  «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, меншікті тілші, 1975–1976 жылдары  «Орталық Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы, 1976–1983 жылдары  «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, 1983–1987 жылдары  «Зерде» журналының бас редакторы.
1987–1997 жылдары  Қазақ КСР ҒА-ның Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында лаборант, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды.
1997–1998 жылдары  Ыбырай Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры, 1998–1999 жылдары  ҚР Президенттік Мәдени орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 2000 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры. Филология ғылымының докторы, профессор.
Отызға тарта көркем, ғылыми-көпшілік және монографиялық кітаптардың авторы. Гомердің «Илиада», «Одиссея» дастандарын қара сөзбен аударған. И.Можейконың «7 және 37 керемет» (1998) кітабын тәржімалаған. Шығармалары оннан астам шетел тілдеріне аударылған.
Қазақстан Жазушылар одағы және Қазақстан Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты. «Құрмет» орденінің иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2004). Қазақстан Республикасы Ұлттық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Терминология және ономастика комиссиясының, Қазақтың Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы орталық кеңесі президиумының, Ғылыми қызметкерлерді аттестациялау департаментінде зерттеу комиссиясының, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қоғамдық кеңесінің, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты он томдықтың авторларының бірі.

12 желтоқсан 2019 ж. 891 0