№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Нақты міндеттер айқындалды

Нақты міндеттер айқындалды

Биыл №169 және МАИ бекетіндегі мектептің құрылысы аяқталып, пай­далануға беріледі. Сондай-ақ Ақүйікте 90 орындық балабақша құрылысына облыстық бюджеттен (50 млн) қаржы бөлінді. Жоба құны – 441,3 млн теңге.
Одан басқа, Жаңақорған кентіндегі (Ипподром) Сұлтанмұратов көшесіндегі 300 орындық мектеп (жоба құны – 1,1 млрд) құрылысы мен сол көшедегі 140 орындық балабақша (жоба құны – 500 млн) құрылысына мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржы тарту жұмыстары жүруде.
Өткен жылы басталған Самара-Шымкент-Жайылма және Самара-Шымкент-Бесарық бекетіне кіретін жолдар биыл толық аяқталады. 2021 жылға «Ауыл – ел бесігі» бағдар­ламасымен Екпінді елді мекенінен кіреберіс көпірді күрделі жөндеуге (жоба құны – 110 млн теңгені құрайды),Төменарық елді мекеніндегі ішкі 25 көшені жөндеуге 281,2 млн теңге алдағы сессияда облыстық бюджеттен қаржы беріледі деп күтілуде.     
Одан бөлек, аудандық бюджеттен 4 елді мекенді (Жайылма, Кейден, Шалқия, Құттықожа) газдандыруға, 3 елді мекенді (Сүттіқұдық, Қожамберді, Жайылма) ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, Жаңақорған кентіндегі Алтынсарин мөлтек ауданындағы көп қабатты 2 тұрғын үйді жөндеу үшін жоба-сметалық құжатын дайындап, мемлекеттік сараптамадан өткізуге және елді мекендердің ішкі көшелерін орташа жөндеу, тас төсеу және абаттандыру, көркейту т.б басымдығына қарай аудандық бюджеттен 760,3 млн теңге қаржы бағытталды (трансферттері есебінен 485,6 млн теңге, субвенсия есебінен 274,7 млн теңге).
Осы айдың аяғына дейін есепті кездесулерде көтерілген ұсыныстардың шешілу жолдарын, өзектілігін, қар­жысын қарай отырып, 500 млн. теңгенің жобасына бюджетке нақтылау жасалатын болады. Оның ішінде, 5 елді мекенді (Сунақата, Екпінді, Қожамберді, Төменарық, Сүттіқұдық) газдандыруға жоба-сметалық құжатын дайындап, мемлекеттік сараптамадан өткізуге қаржы бағытталатын болады.
Өткен жылы аудандық бюджеттің 31,6 млн. теңге қаржысы тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне аса қажетті әлеуметтік нысандардың жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге жұмсалды. Атап айтқанда, Келінтөбе ауылдық округі әкімдігінің әкімшілік ғимаратының құрылысы, Жаңақорған кентінен 18 пәтерлі екі көпқабатты тұрғын үйдің және 2 пәтерлі 3 бөлмелі 10 тұрғын үйдің құрылысының,  
Байкенже ауылдық округі Билібай елді мекеніндегі №255 негізгі мек­тепке қосымша спорт залы мен 20 орындық асхана құрылысы, Бесарық ауылындағы жаңа көшелердің инфра­құрылымы құрылысының, Сүтті­құдық ауылындағы жаңадан берілген жерлер массивіндегі скважина үшін электр желілерінің және қосалқы станциясы бар трансформаторының құрылысы, Жаңарық ауылындағы 250 орындық №167 мектептің құрылысы жобасын әзірлеуге 500 мың теңге және Жаңақорған кентіндегі Б.Байкенжеев көшесі бойындағы 600 орындық мектептің құрылысы жұмыс жобасы.
Аудан басшысы шағын және орта бизнес, автомобиль жолдары, денсаулықты сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және т.б аса маңызды салалар бойынша атқарылған баста­маларды саралап, алдағы міндеттерді айқындады.
Есептік кездесу соңында ел ағасы Серік Мұсабай Саяжай аумағына көңіл бөлуді сұраса, Сандугаш Тұрлыбекова тазалық мәселесіне назар аударды. Ал қоғам белсендісі Алшынбай Тұртанов Алтыгранттың суын Жаңақорған кентінің тұрғындары тұтынуына жағдай жасау керектігін алға тартса, Рақымбаба Құтыбаев Сырдария өзініндегі су тоспасының сапасын сынға алып, егін шаруашылығында құрылғыға қажеттілік барын айтты. Үмбет Әбибуллаев болса аудан орталығынын көркемдеу бағытындағы істерді талғам таразысынан өткізіп, кенттің көркін арттыруға мән беруді және көркейту-көгалдандыру жұмыстарында жанашырлық қажеттілігін атады.
06 ақпан 2021 ж. 632 0