№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауылшаруашылығы салысында озықпыз

Ауылшаруашылығы салысында озықпыз

2020 жылдың қорытындасы бойынша мал шаруашылығы саласында Сыр өңірінде «Озат аудан» атандық. Әрине, бұған дала еңбеккерлерінің ерен еңбегінің нәтижесінде қол жеткізілді.
Жалпы, 2020 жылы ауылшаруа­шылығы саласындағы өнім 21,8 млрд. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 102,5 пайызды құрады (2019 жылы – 18 млрд. теңге).
2021 жылдың 1 қаңтарындағы статистикалық мәліметтер бойынша, ауданда мүйізді ірі қара малы өткен жылмен салыстырғанда 101,5 пайызға (66,6 мың бас), уақ мал 123,9 пайызға (275,5 мың), жылқы114,4 пайызға (20,3 мың), түйе117,9 пайызға (1,7 мың) өсті.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5,4 мың бас қой алынып, 107,9 пайызға орындалды. (Жоспар 5000 бас).
307 бас мүйізді ірі қара малы сатылып алынып, ол 108,9 пайызға орындалды («Парадин» шаруа қожалығы – 128 бас, ДК «Ерасыл» – 80 бас, «Заман Ата» шаруа қожалығы – 99 бас).
406 ауыл шаруашылығы құрылымын субсидиялауға 1,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 176 пайызға артқанын көрсетеді.
Өздеріңіз білесіздер өткен жылдың қорытындысымен ауданымыз мал шаруашылығын дамытуда «үздік аудан» атанды.
Ауданда агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін Қандөз, Қаратөбе, Сүттіқұдық, Төменарық, Ақүйік ауылдық округтері және Жаңақорған кентінде 219 гектар ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды. Аудан бойынша 123 адам маусымдық жұмысқа тартылды.
Агроиндустриялды аймақтарды дамыту мақсатында Сүттіқұдық ауылдық округінен 800 гектар жерді суландыру үшін жоба-сметалық құжатын әзірлеуге аудандық бюджеттен 9,6 млн. теңге қаралды. Жоба мемлекеттік сараптамадан өткізіледі. (Жоба мем­лекеттік сараптамадан өткізілген соң бағдарлама әкімшілері тарапынан облыстық бюджеттен қаржы сұралатын болады). (Жобаның мемлекеттік сараптамадан өткізілмеген қазіргі құны 323 млн теңгені құрайды).
2021 жылға елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз үшін облыстық бюджеттен барлығы 227,6 млн теңге бөлінді. Оған Қожамберді елді мекеніндегі М-2 каналын, Аққорған елді мекеніндегі Р-16-3 қашыртқысын тазалау жұмыстары мен Қожамберді, Байкенже, Сүттіқұдық, Төменарық, Екпінді елді мекендеріне секундына 500 литр су айдайтын СНП-500/10 дизельді 8 дана насос қондырғысы сатып алынады. (Өткен жылдың соңында осындай насос Қандөз елді мекеніне алып берілді). Биыл Кейден ауылына алып беру ұсынылатын болады.
Одан бөлек, осы жылы «ҚазСушар» РМК Қызылорда филиалыарқылы Қаратөбе елді мекеніндегі апаттық жағдайдағы Мұсаханов каналының үстіндегі көпірдің бетіндегі темір бетон жабындыларын ауыстырып, тұрғын­дардың пайдалануына қолайлы етіп жөндеп беретін болады.
Осы елді мекендегі Сумағар каналының қазу жұмыстарына өткен жылы облыстық бюджеттен 149 млн. теңгебөлініп, тазаланды. Алайда Қаратөбе елді мекеніне қарайтын 4 шақырым бөлігі тазаланбағандықтан тұрғындар толық пайдасын көре алмай отыр.
Бұған 28 млн. теңгенің жоба-сметалық құжаттары дайындады. Алдағы уақыттарда аудандық бюджеттің мүмкіндігіне қарай жұмыс жасаймыз.
Келінтөбе елді мекеніндегі К-2 коллекторының және Мұсаханов магистралды каналының үстінен өтетін көпірлер биылғы жылы күрделі жөндеуден өткізіледі. (қазіргі таңда көпірдің темір қоршаулары қойылуда)
Жалпы ұзындығы 92 шақырымды құрайтын К-1, К-2 су қашыртқыларының 2021 жылы Аққорғанелді мекенінің тұсынан 8 шақырымы қазылатын болады (Өткен жылы Өзгент елді мекенінің тұсынан 4,5 шақырым тазаланды).
Қыркеңсе елді мекеніндегі Р-23 каналы тазаланады.
Құжаттандырылмаған Келінтөбе елді мекеніндегі К-2 коллекторының үстіндегі көпір, Аққорған елді мекеніндегі К-2 қашыртқысына келіп кұятын К-2-22 су қашыртқысы, Қыркеңсе елді мекеніндегі су қашыртқысын құжаттандыру жұмыс­тары жүріп жатыр. Ол үшін бір жылдан астам уақыт кетеді (Аталған жұмыстарды аяғына дейін жеткізу ауыл әкімдеріне тапсырылды).
06 ақпан 2021 ж. 483 0