№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ақүйікте атқарар іс көп

Ақүйікте атқарар іс көп

Бірлігі жарасқан, түтіні түзу, шаруасы ширақ Ақүйік ауылдық округінде тындырымды тірлік көп. Аудан көлемінде алғашқы болып округ тіректі ауыл болып тіркелгеннің бірі осы Бірлік елді мекені. Ауыл халқының көптен тілеу көгілдір отынының келуі болатын. Әкімнің әрбір сөзін ыстық ықыласпен тыңдаған қариялар ел тізгіндеген тұлғаларға ақ батасын жаудырды.
Екі мәрте елді мекенді аралап, елдің жайына әбден қаныққан аудан басшысы Ақүйік ауылының басты мәселелерін шешудегі іргелі істерін сөз етті. Ауыл ағайындарының айтқан екі ұсынысын «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Қызылорда облысына жасаған сапары кезінде айтылды. Яғни кездесуде балабақша құрылысы мен ауылға газ жеткізу мәселесі көтеріліп, «Nur Otan» партиясының тікелей бақылауына қойылды. Биылғы жылға 90 орындық бала бақша құрылысын бастауға облыстық бюджеттен 50 млн теңге қаржы бөлінді. Қалған қаржысы жыл бойына берілетін болады. Жоба құны 431 млн теңге.
– Газ тарту жұмыстарының жоба­сына байланысты жоғарыда айтып өттім. Бұл – «Nur Otan» партиясының тікелей бақылауында. Ақүйік елді мекеніне газ тарту бойынша облыстық бюджеттен 20 млн теңге бөлініп жоба сметалық құжаттары дайындалды. Аталған қаржының көлемінде Қыраш елді мекенін қосып жүргізуде. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алуға құжаттар ұсынылды. Сараптаманың қорытындысын алған соң газ тарту жұмыстарын облыстық бюджеттен қаржы сұралатьн болады, – деді аудан басшысы.
Ақүйік ауылдық округіндегі өткен жылы мемлекеттік-жекеменшік әріп­тестік аясында құрылысы салынған дене шынықтыру, сауықтыру спорт кешенінің қаржысы облыстық бюджет арқылы қаржыландырылатыны бел­гілі болды. Сондай-ақ, 2021 жылға аудандық бюджеттен агроаймақты тікенек сыммен қоршауға 6 млн. теңге, көркейту, көгалдандыруға 2,8 млн теңге қаржы бөлінді. Ауыл әкімі Әсер Мұсаевқа әрбір тұрғынның талабын ескеріп, ашық диологта жұмыс жасауды тапсырды.
Аудан әкімі Руслан Рүстемовтің іргелі істері мен жүйелі жұмысына ризашылық білдірген ауылдың қариясы Әріпбек Асанов батасын берді.
02 ақпан 2021 ж. 667 0