Құрылтай

№55 (8969) 25

25 шілде 2026 ж.

№54 (8968) 21

21 шілде 2026 ж.

№53 (8967) 18

18 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Аудандық сот судьялары үздіктер қатарында

Аудандық сот судьялары үздіктер қатарында


Қызылорда облыстық сотының Оқу Орталығының ұйымдастыруымен облыс соттарының судьялық өтілі 5 жылға дейінгі жас судьялары арасында өткізілген сайысқа Жаңақорған аудандық сотының судьялары И.Тұңғышбаев пен Э.Рыскулов қатысып, бақтарын сынады.
Байқау қортындысымен Жаңақорған аудандық сотының судьясы Исағали Өмірзақұлы Тұңғышбаев азаматтық істер бойынша 2020 жылғы «Үздік сот шешімі» номинациясын жеңіп алса, жас судья Эльдар Искендерұлы Рыскулов қылмыстық істер бойынша 2020 жылғы «Үздік үкім» номинациясын иеленді.
Аудандық сот ұжымы жеңіс тұғырынан көрінген әріптес судьяларды марапаттарымен құттықтай отырып, сот жүйесінде әділ қызмет етіп, азаматтардың құқықтарының қорғалуына өз үлестерін қосуына тілектестік білдірді.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық баспасөз қызметі.
05 ақпан 2021 ж. 890 0