» » Аудандық сот ұжымы ардагер судьяға құрмет көрсетті

Аудандық сот ұжымы ардагер судьяға құрмет көрсетті


Бүгін Жаңақорған аудандық сотының ұжымы аудан тарихында тұңғыш әйел судья  қызметін атқарған, отставкадағы ардагер судья  Кенжегүл Көпесқызы Көпесованы мерейлі 70 жас мерейтойына орай  құттықтады.
Сот  төрағасы Ә. Түбекбаева құттықтау сөз сөйлеп, аудандық сотта 16 жыл қатарынан қазылық еткен жүрегі нәзік жан отбасымен қатар иығына артылған жауапкершілігі ауыр жүкті абыройымен қатар алып жүріп адалдықтың туынбиік көтеріп, әділеттің салтанат құруына талмай еңбек еткенін атап өтті. Кенжегул Көпесқызы қазіргі уақытта  ауданда құрылған «Билер кеңесінің» құрметті төрағасы, облыс судьяларының ақылшы, кеңесшісі. Осындай мерейлі мерекеде дара тұлғалы ардагер судьяға   деніне саулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, береке-бірлік тіледі.
Құттықтауды жалғастырған аудандық сот судьялары И.Тунгышбаев пен Э.Рыскулов,  кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева ардагер судьяға  өздерінің жүрекжарды ыстық лебіздерін жеткізді.
Кездесу барысында ардагер-судья К.Көпесова өзінің сот саласындағы атқарған жұмысы, қазіргі сот жүйесінде  жүргізіліп жатырған реформалар, судья қызметінің жауапкершілігі мен міндеті туралы кеңінен әңгімелеп, үлкенді сыйлау, құрмет көрсету  біздің халқымызға тән қасиет екенін, бұл кездесу ұрпақтар сабақтастығының айқын дәлелі екенін атап өтті.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
13 наурыз 2020 ж. 828 0