Жаңақорған аудандық сотына жаңа судья тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы судьяларын қызметке тағайындау туралы» 2019 жылдың 2 қазандағы № 180 санды Жарлығымен Қызылорда облысы, Жаңақорған аудандық сотының судьясы қызметіне Рыскулов Эльдар Искендирович тағайындалды.
Эльдар Искендирович 1985 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Ол 2007 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Қызылорда стансасы желілікішкі істер бөлімінде анықтаушы болып бастап, осы бөлімде тергеуші, аға тергеуші болып еңбек етіп келген.
2019 жылдың 9 қазанында Қызылорда облыстық сотының судьясы Ермек Боранбайұлы Тұрбаев жаңадан тағайындалған судьяны таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, қара қылды қақ жарған әділ судья болуына сенімін білдірді.
Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі