№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Татуласу рәсімдерін насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізді

Татуласу рәсімдерін насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізді

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының 2020 жылғы 6 мамырдағы №9 қаулысымен бекітілген төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты сот практикасының кейбір мәселелері бойынша берілген №1 түсіндірмесіне және Қазақстан Республикасында Төтенше жағдай енгізу кезінде және одан кейінгі кезендерде аймақтағы жағдайларды анықтау, тиісті шешім қабылдау бағытындағы Қызылорда облыстық сотының іс-шаралар жоспарына сәйкес Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен онлайн режимінде семинар өткізілді.
Іс шараға аудандық соттың судьясы Э.Рыскулов, аудан прокурорының көмекшісі Н.Оразметов, аудандық полиция бөлімінің бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Р.Сұлтанқұлов, Билер кеңесінің мүшесі А.Баймуратов, аудандық заң кеңес беру бөлімінің адвокаты Г.Увайдаева және кәсіпқой медиатор А.Жәнібеков қатысты. 
Судья Э.Рыскулов өз сөзінде басты мәселе елімізде жарияланған төтенше жағдай режимінен кейінгі соттармен атқарылып жатқан және атқарылатын шаралаларға тоқталды.
Оның ішінде дауларды соттан тыс шешу тәсілдерін жетілдіріп, қоғамдағы даукестік деңгейін төмендетуге, соттың жүктемесін азайтуға іс- шараларды жүргізу қажет екенін, «Татуласу сотқа дейін, сотта» жобасы және «Соттағы татуласу рәсімдері» пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында, салық, әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік сатып алу, еңбек даулары, залалды өндіру мүлікке меншік құқығын тану коммуналдық төлемдерді өндіру жайлы дауларды татуласумен реттеу қажет екенін атап көрсетті.
Сондай-ақ Э.Рыскулов «Ттауласу рәсімі-жанжалдарды шешу кілті, дауларды реттеу баламасы.Сотқа дейінгі дауларды шешу, өзара тиімді және бейбіт келісімге қол жеткізу, дауласушылық деңгейін төмендету және екі жақты да қанағаттандыратынын, осылайша, тараптардың уақыты мен қаражатын үнемдейтінін,сот жұмысын жеңілдететінін атап өтті.
Шара соңында қатысушылар татуласу рәсімдерін кеңінен қолдану мәселелерін талқылап, өзара пікір алмасты.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
04 маусым 2020 ж. 361 0