"Билер кеңесінің" көмегімен екі отбасының некесі сақталды
Жоғарғы Соттың бастамасымен кешегі текті жүйе тетігінің бірі, дарабоз билердің дәстүрлі билік жүргізу тәсілі бітімгершілікті қайта жандандыруды қолға алынды.
«Билер кеңесі» бейтарап көзқарасты ұстанады, дау-жанжалдарды шешудің осынау баламалы әдісі тараптардың өзара тиімді мәмілеге келуіне жол ашады.
Ауданымызда «Билер кеңесінің» жұмысы» жүйелі жолға қойылғанын, аталмыш кеңес жергілікті тұрғындар арасында дауларды дәстүрлі жолмен шешіп, тараптарды татуластыруды көздейді.
Аудандық соттың өндірісіндегі істерді татуласу арқылы екі отбасы осы «Билер кеңесінің» көмегімен некелері сақталып қалуына ықпал жасады.
Талап қоюшылар А-ның жауапкер А-дан және С-ның жауапкер М-нан некелерін бұзуды сұраған азаматтық істері бойынша істі сотта қарауға әзірлік барысында судья тараптарға отбасын сақтап қалу мақсатында «Билер кеңесіне» жүгінуді ұсынған.
Алдын ала сот отырысында тараптар «Билер кеңесінің» көмегімен татуласып, отбасын сақтап қалуға шешім қабылдағандарын көрсетіп, соттан татуласу келісімін бекітуді сұрады.
Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы татуласу келісімі бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Ерлі-зайыптылар «Билер кеңесінің» көмегімен отбасын сақтап, олардың кәмелетке толмаған балалары толыққанды отбасында тәрбиеленуге мүмкіндік алды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі