Соңғы жаңалықтар

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Жаңақорған ауданында «Билер кеңесі» қылмыстық іс бойынша тараптарды татуластырды

Жаңақорған ауданында «Билер кеңесі» қылмыстық іс бойынша тараптарды татуластырды


Бүгінде өңіріміздің барлық аудандарда Билер кеңесі құрылып, жұмысын бастап кетті.
Аталмыш кеңес жергілікті тұрғындар арасында дауларды дәстүрлі жолмен шешіп, тараптарды татуластыруды көздейді.
Жаңақорған ауданында Билер кеңесінің құрылғанына көп уақыт болмаса да, бітімгершілікке қол жеткізу тұрғысында біршама жұмыстар атқарылды.
Белгіленген жоспар бойынша қабылдау өткізіп, шешімін тапқан мәселелер де бар.
Мәселен, Жаңақорған аудандық сотының өндірісіндегі Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс билер кеңесінің көмегімен оң шешімін тауып, сотталушы жәбірленушіге келтірілген залалды өтеп, тараптар татуласты.
Қазіргі таңда қит етсе бірін-бірі сотқа сүйрейтіндер көп.
Сондықтан ел ішіндегі кейбір кикілжің, дау-дамайларды сотқа жеткізбей шешуге «Билер кеңесінің» ықпалы зор.

Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
19 қыркүйек 2019 ж. 1 122 0