Соңғы жаңалықтар

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Билер кеңесінің көмегімен неке сақталды

Билер кеңесінің көмегімен неке сақталды

Ел ішіндегі кейбір кикілжің, дау-дамайларды сотқа жеткізбей шешуде, ауданымызда құрылған «Билер кеңесінің» ықпалы зор.
Соның бірі талап қоюшы Ю-ның жауапкер Ш-дан некені бұзуды сұраған азаматтық іс бойынша істі сотта қарауға әзірлік барысында судья тараптарға отбасын сақтап қалу мақсатында «Билер кеңесіне» жүгінуді ұсынған.
Алдын ала сот отырысында тараптар «Билер кеңесінің» көмегімен татуласып, отбасын сақтап қалуға шешім қабылдағандарын көрсетіп, соттан татуласу келісімін бекітуді сұрады.
Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы татуласу келісімі бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Ерлі-зайыптылар «Билер кеңесінің» көмегімен отбасын сақтап, олардың кәмелетке толмаған балалары толыққанды отбасында тәрбиеленуге мүмкіндік алды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі

02 шілде 2020 ж. 890 0