№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Covid-19: тиімді вакцина табылды ма?

Covid-19: тиімді вакцина табылды ма?


Коронавирус жаһан жұртының тынысын тарылта түсті. 2020 жылдың 4 желтоқсанындағы мәліметтерге сәйкес, әлемнің 65,2 миллионнан аса тұрғыны вирусты жұқтырса, оның 1,51 миллионы өлді. АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Францияда эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті. Сондықтан ғалымдар вирусқа қарсы вакциналарды сынап, қолданысқа енгізуге күш салуда.


Алдымен өзіміздегі ахуалға зер салсақ. Қазақстанда вирусты жұқтырғандар саны 134 мыңнан асты. Оның 118 мыңнан астамына ем қонса, 1990-ы бақилық болды. Бүгінге дейін 3296 қызылордалықтан вирус анықталса, 3259-ы жазылып шықты. Тек 15 жағдай өліммен аяқталды. Қазір коронавирустың ықтимал екін­ші толқынына дайындық жұмыстары пысық­талуда. Ауруханаларда дәрі-дәрмектің қоры жинақталып, тұрғындарға сақтық шараларының маңызы түсіндірілуде.
2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Әлеу­меттік медициналық сақтандыру қорының тара­пынан 1406 бірыңғай call-орталығы іске қосылды.
Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық аппа­рат ӘМСҚ-ның 17 филиалдың 44 операторы медициналық көмектің сапасына және міндетті әлеуметтік медициналық сақтан­дыру пакетіне кіретін қызметтерге байланысты сұрақтарға жауап береді.
– Барлық өтініштер қордың сарапшыларымен тіркеледі және қаралады. Егер аурухана немесе клиника тарапынан медициналық қызметтерді сатып алу шартының талаптарын бұзу дәлелі расталса, онда медициналық ұйымға ӘМСҚ-мен шарттық міндеттемелерді төлеу қағидаларына сәйкес айыппұл санкциялары салынады», – деп хабарлады «ӘМСҚ» Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Абылай­хан Рахимов.
Басшының сөзінше, жүргізілген монито­рингке сәйкес, Әлеуметтік медициналық сақтан­дыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының call – орталығына күн сайын 130 қоңырау келіп түсті. Бұл – бір айда 3 мыңға жуық қоңырау түскенін көрсетеді. Ал шілде айында COVID-19 тұтану кезеңінде қоңыраулар саны үш есе өсті. Көктем айында коронавирус өршіген кезде Жаңақорған ауданында да call-орталық іске қосылып, науқастардың ем алуына жағдай жасағаны есімізде.
Жә, тақырыптан ауытқымай, әлемде вирусқа қарсы атқарылған озық тәжірибелерді сара­ласақ.
Әлем ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцинаны тезірек табуға мүдделі. Ал Қытайда 1 миллионға жуық адамға вирусқа қарсы екпе екті. Оларға CNBG компаниясының вакцинасы салынды. Жалпы ғалымдар екі вакцина жасап шығарған. Олардың клиникалық сынағының үшінші кезеңі әлі аяқталған жоқ. Тәжірибе Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Аргентина және Перуде қатар жүргізілуде. Оған 50 мыңнан астам адам қатысуда. Компанияның мәлімдеуінше, аталмыш вакцина қауіпсіз екенін көрсетті. АҚШ пен Германияда вакцинаның тиімділігі 90 пайыздан асқаны анықталды.
Ұлыбритания билігі коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын қолдануды әлемде бірінші болып мақұлдады. Екпені қолдануға арналған ұсынымдар жақын арада жарық көреді. Емді бірінші кезекте денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, індеттен өміріне қауіп төн­ген науқастар мен қарттар қабылдайды. Ұлыбритания алдын ала тапсырыс бойынша Pfizer-дің 30 миллион дозасын сатып алды.
Ал АҚШ-тың «Moderna» компаниясы әзір­леген вакцинаның тиімділігі 100 пайыз дәлел­денді. Бұған дәрігерлер ауруы асқынған нау­қастарға қолданған кезде көз жеткізді. Енді компания жаңа вакцинаны ресми түрде тіркеу үшін АҚШ пен Еуроодақ билігіне өтініш білдірмек ниетте екен.
Әлем ғалымдары Сovid-19-ға қарсы вак­цинаны сынап жатса, ғалымдардың екіншілері вирустың адамға әсері жайлы мәлімдеуде. Соның бірі профессор Анча Баранова. Оның сөзінше, инфекцияның салдарынан ағзаның ерте қартаюы орын алады. Бұған мамандар коронавируспен орташа және жеңіл дәрежеде ауырған адамдарды тексеру барысында көз жеткізген.
– Вирустың жеңіл түрімен ауырған науқас­тарда ішкі ағзалардың ауытқуы байқалған. Негізгі жүрек қана емес, бауырдың зақымдануы және ұйқы безі тінінде өзгерістер байқалған. Әдетте мұндай диагноздар 60 жаста қойылса, ал коронавируспен ауырғандарда 30-40 жас аралығында кездесті, – деп деп түсіндірген биолог.
Сонымен қатар сарапшылар коронавирус ақыл-ой қабілетін төмендетуі мүмкін екенін алға тартады. Неміс ғалымдарының зерттеуі бойынша, егер адам мұрын арқылы вирустық бөлшектерді жұтып қойса, оның миға да енетінін анықтады. Содан барып, ақыл-ой қа­бі­летінің әлсіреуіне себеп болуы мүмкін деп тұжырымдаған.
Сонымен жаһанды жалмап бара жатқан тажал бейқам жатқан біздің халықтың да бүйрінен қысып барады. Алдымен әр адам өзінің тағдырына өзі жауап береді. Тазалықты сақтап, карантин ережелерін бұлжытпай орындасақ бұл қиындықтан аман өтетініміз анық.

Әсел РЗАЕВА
05 желтоқсан 2020 ж. 365 0