«Мен өмірді қалаймын!»
Шындық – суреткердің ұлы міндеті. Өз мемлекетім, елім деп елжіреген әр адам қоғамда болып жатқан мәселеге бей-жай қарамайды. Мен де солардың қатарынанмын. Қазіргі таңда қоғамда кең етек алған мәселенің бірі – есірткі. Соның салдарынан көптеген жастар өз өміріне балта шабуда... Иә, ащы да болса бұл-шындық. Бірақ мен олардың қатарынан емеспін. Мен өмірді қалаймын!

Ал одан кейін не болатыны тайға таңба басқандай анық! Ол затсыз өміре сүре алмайтындай бейшара халге жетеді. Міне, жас дос! Сен есірткіні пайдаланып, өзіңе ғана емес, отбасыңа, қоғамға үлкен залалыңды әкелесің. Отбасың сенен теріс айналады, қоғамнан шеттетіліп қаласың. Сондықтан тәрбие басы-тал бесіктен. Алма ағашынан алыс түспейді. Сенің бұл тұстағы міндетің ата-анаң адам бол деп саған берген тәрбиесін бойыңа сіңіре отырып, оны басқаларға насихаттау.
Әділ Ибадулла,
№208 мектебінің 8 сынып оқушысы