№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Білім арзан, білу қымбат

Білім арзан, білу қымбат


Қашықтан оқуға бейімделген оқушылар қай дәуірде болмасын білім басты құндылық екенін сезінді. Ата-аналар да мұғалімнің машақатын терең сезініп, бала оқытудың жауапкершілігін білді. Сондықтан коронавирусты құрықтап, дәстүрлі оқитын кезді асыға күтіп отыр. Мұны уақыттың өзі көрсетер. Бір анығы, 2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсаны аяқталды. Біз білім беру үрдісі қалай жүргені жайлы білуге асықтық.


Аудан басшысы Руслан Рүстемов білім беру саласына ерекше мән беретінін жақсы білеміз. Бұл жолғы қарекетінен сондай талапты байқадық. Яғни №110 мектеп-лицейіне арнайы барып, оқу үрдісіндегі жаңа мүмкіндіктермен танысты, әрі ұжымның әлеуетін байқады. «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» демекші, әрбір білім алуға талаптанған балаға аудан әкімдігі мен білім бөлімі тарапынан қолдау мол.
Қашықтықтан білім беретін 32 мек­тептегі 14302 оқушының техно­логиялық және цифрлық сауаттылығы сараланған. Олардың 14146 оқушысында өзінің ұялы байланыс мүмкіндігі бар болса, қалған оқушыларға мектеп тарапынан планшет пен компьютер берілген. Тарқата айтсақ, электронды құрылғылары жоқ 360 отбасының 801 баласына 514 дана планшет үлестірілді. Мәселең, 5 баласы бар отбасыға 3 дана, 2-3 баласы бар отбасыға 2 дана, 1 баласы бар отбасыға 1 дана байланыс құрылғысы табысталды. Отбасында 4 бала білім алатын Гүлдария Жеңісқызы бір ноутбук, 2 планшет алып, балаларының онлайн оқудағы басты мәселесін шешкеніне разы. Көрсетілетін «Елдегі көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмекке ризамын. Балаларының жәрдемақысына бәріне бідей құрылғы сатып ала алмас едім. Осы жағдайымды түсініп, олардың сапалы білім алуына жол ашқан бас­шыларға алғаусыз алғысымды біл­діремін», – дейді ақжаулықты ана.
Санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, білім алуды жалғастырып жатқан №89, 221, 242, 254, 255, 180, 161, 245, 166, 162 мектептерде оқушылар күзгі демалысқа шықты. Бұл мектептерде оқып жүрген 1384 баланың денсаулығы мектеп медбикелерінің басты назарында. Білім беру ұйымдары бойынша 1-4 сынып аралығында оқушы саны 8310 болса, оның 2884-і ата-аналарының өтініші арқылы 96 кезекші топта білім алды.
Қашықтықтан білім алуда осал топқа жататын балалардың дайындығын ерекше назарға алу қажеттілігі қарастырылған. Осыған орай білім беру ұйымдарының есебінде тұрған 1036 компьютер құралдары келісім шарт арқылы берілді.
Ал облыстық білім басқармасы тарапынан аудандық білім беру мекемелеріне 573 дана планшет, 1714 дана ноутбук, 443 дана компьютер берілді.
Оқу жылының басты жаңалығы «Bilimland Online-Mektep» платформасы бойынша қашықтан оқыды. Осы платформаға біздің ауданнан 32 мектеп тіркеліп, 2116 мұғалім мен 14146 оқушыға аккаунт ашылды. Бірінші кезекте аталған платформа арқылы мұғалімдер оқушыларға тиісті сабағын онлайн режимінде жүргізді. Әрі платформа арқылы тоқсандық баға қойылды.
Уақыттың өзі цифрландыруды жүйелі жалғастыруды талап етіп отыр. Әсіресе білім беру, мәдениет, сервистік қызмет көрсету және т.б салада қажеттілікті сезініп отырмыз. Мұны аудандық білім бөлімінің бас маманы Бағлан Момынханов та қуаттап: – Білім беру жүйесінде цифрландыру процесі қарқынды жүруде. Түрлі деңгейдегі мектепішілік шаралар «Zoom» арқылы жүргізілуде, – деді.
№110 мектеп-лицейіндегі цифрлық білім беру мүмкіндігімен танысқан аудан әкімі Руслан Рүстемов: «Біз мектептердің материалдық базасын нығайтуға ұдайы көңіл бөліп келеміз. Сондай байыпты қолдауға цифрлық білім беру ресурстары орнатылған интерактивті панельдерді жатқызуға болады. Мұндай заманауи қондырғылар білім беру процесінде оқушының сапалы білім алуына мүмкіндік беруде.
Ғұлама ғалым Қадырғали Жалайыридың «Кім білімді көп біліп, көңілді тұрса, оның дәулеті артады» деген сөзі бар. Ғалым алған білімді көңілге түйгенде ғана адамға бақ келетінін айтады. Ал алған білім санада сақталуы үшін көрнекі құралдардың көмегі қажет. Егер көрнекі құрал әмбебеп болса, онда оқытушының жұмысы жеңілдеп, оқушыға берген білім сіңімді болады. Цифрлы білім беру ресурстары орнатылған интерактивті панельдер дәл осындай міндетті атқаруға қауһарлы», – деп ұстаздарға қарата айтты.
Расында әмбебап құрылғы оқушының сапалы білім алуын да мол мүмкіндік береді. Бұл жөнінде аудан басшысы Руслан Рүстемұлы өзінің фейсбуктегі аккунттында жан-жақты талдап берді. Сондықтан бұған егжей-тегжей тоқталмай-ақ қойсақ.
Айтқандай, тағы бір қуанышты жаңалық 2 тоқсаннан бастап 300 оқушыға дейінгі мектептер барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып дәстүрлі форматта оқиды. Мұны аудандық білім бөлімінің бас маманы Бағлан Момынханов растап: «Ата-аналардың өтініші бойынша сыныптардың жинақталуын 15 баладан асырмай, жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сынып аралығы кезекші топта оқытылатын болады», – деді.

Мақпал МАРҚАБАЙ
14 қараша 2020 ж. 739 0