Бала қауіпсіздігі – басты назарда
Аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов 2020-2021 оқу жылындағы қашықтан оқытудың үрдісі жайында брифинг берді. Ауданның бас ұстазы атқарылып жатқан жұмыстарды төмендегідей баяндады.
2020-2021 оқу жылында оқушы саны 1-11 сынып аралығында 18570. Мектеп алды даярлық сыныбында 1595 оқушы болса, бірінші сыныпқа 2143 оқушы келді. 2019 жылмен салыстырғанда 794 оқушыға өсім бар.
Қазір білім беру үрдісінде қашықтан білім беруге басымдық берілуде. Бұл уақытша құбылыс екені анық. Эпидемиологиялық ахуал жақсарған жағдайда оқытудың дәстүрлі форматына кезең-кезеңімен көшу жоспарлануда. Бірінші кезеңде оқытудың штаттық режиміне 1-5 сынып оқушылары, екінші кезеңде 6-11 сынып оқушылары санитарлық қауіпсіздіктің барынша жоғары шараларын қамтамасыз ете отырып көшеді. Қазіргі кезде білім беру ұйымдарында кезекші сыныптар ұйымдастырылды. Олар дезинфекциялау, санитарлық қауіпсіздік құралдарымен толық қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, аудандағы барлық мектепте термометрлер, санитайзерлер, дезинфекциялау тоннельдері мен кілемшелер, маска. антисептик, кварц т.б оқушы қауіпсіздігі үшін қажетті заттар жеткілікті мөлшерде бар.
Дәстүрлі оқыту бойынша №89, №221, №242, №254, №255, №180, №161, №245, №166, №162 мектепте 1380 оқушы санитарлық талаптарды сақтай отырып білім алуда. Ал қашықтан оқытылатын мектеп саны 32, ондағы оқушы саны – 14146. Қашықтан оқыту бойынша интернет желісі және ұялы байланыс арқылы білім алатын 14146 оқушының мүмкіндігі сараланды. Білім беру ұйымдары бойынша 1-4 сынып аралығында оқушы саны 8310, 2592 бала ата-анасының өтініш арқылы 96 кезекші топта білім алуда.
«Bilimland Online-Mektep» платформасына қашықтықтан оқытылатын 32 мектеп тіркеліп, 2116 мұғалім мен 14146 оқушыға акаунттар ашылды. Бірінші кезекте аталған платформа арқылы мұғалімдер оқушыларға тиісті сабағын онлайн режимінде жүргізуде.
Электронды құрылғылары жоқ 360 отбасының 801 баласына (5 баласы бар отбасыға 3 дана, 2-3 баласы бар отбасыға 2 дана, 1 баласы бар отбасыға 1 дана) есептегенде барлығы 514 дана планшет қажеттігі анықталып, толық таратылды.
Қашықтықтан білім алуда «Осал» топқа жататын балалардың дайындығын ерекше назарға алу қажеттілігі қарастырылған. Осыған орай білім беру ұйымдарының есебінде тұрған 1036 компьютер құралын келісім шарт арқылы оқушыларға таратылды.
P.S.: Қазірде оқушының сапалы білім алуымен қатар оның қауіпсіздігі аса маңызды іс. Білім бөлімінің басшысы осыған мән беріп, мектеп директорларына жіті ескертіліп отырғанын айтты.
Ерлан АБДРАСИЛОВ