№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Газдан қауіп келмесін

Газдан қауіп келмесін


Кентімізге көптен күткен көгілдір отынның келуі көп бейнетті жеңілдеткені бір басқа, қыс бойы күйеден арылмайтын оттың басының көзін ашып, көңілімізді де көтергені рас. Өкініштісі, осынау елдік тұрғыда еңсерілген енапат еңбектің мерейіне мін түсірер өресіз тірліктер қылтиып бой көрсетіп, оңай жолмен пайда қарпып қалғысы келетін ниет те аңғарылмай отырған жоқ.


Бұл – қауіпсіздік мәселесіндегі қыр­сыздық. Нақтылап айтқанда, жауап­ты істі аса қырағылықпен ұйымдастырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бұрын қалта қамына көбірек бой ұрғандар халықтың бейқамдығын жеке мақсат­тарына бұрып, заңдық негізде жұмысты бір ізге қоя алмай келеді.
Кент ішін кесіп өтіп жатқан бұл көгілдір отынның үздіксіз берілуі мен әрбір абонентте кінәратсыз ахуалына кепілдік беретін нақты мекеме, жауапты маман болуы керек. Осы жұмысты тәртіпті жолға қойып, жанашырлықпен қадағаланып отырмаса газ келді, жаз келді деп алақайлап жүрген аңқау ел өкінішке қалары бек мүмкін.
Мұны неге айтып отырмыз? Кентте газ құбырларын жөндеу, тексеру, қада­ғалау жұмыстары «сен саларда мен салардың» кебін киіп қарапайым жұртты әбден шатастырып бітті. Кейде тұрғын үйлерге келіп, «газ мекемесіненбіз» дейтін бір адамдар әй-шай жоқ қағаз толтырады да мың, кейде екі мың теңгесін үй иелерінің қолдарынан ерікті түрде алып кетеді. Тұрғындар да қызық, ешнәрсе жөндемеген, тіпті газ плитасын ашып қарамайтын да қаражаяу біреулерге ақшасын төлеп қала береді.
Газ плиталарын қолдану тәртібінде жыл сайын бір рет міндетті түрде техникалық қадағалаудан өткізіп, жа­рам­дылығын тексертіп алуыңыз керек. Ол үшін ақы төленген квитанция, жұ­мыс жасалғаны жөнінде акт тол­тырылады. Сол акт негіізінде екінші мәрте шақырылғанға ол мекеме тегін қызмет көрсетеді. Бір жылда бір - ақ рет төлем алынады. Сіздің үйіңізге осындай бригада келіп, жұмыс жасап, құжатын толтырып, қолыңызға ұстатып кетті ме? Келесіде сол топпен тұрақты жұмыс істеп отырсыз ба?
Біздің көтеріп отырған мәселеміз осы. Тұрғындардың бір ғана талабы бар. Газдың рахаты өз алдына, одан абайламаса орын алатын апаттан аман отыру үшін алаяқтықтан сақ болу мәселесі одан сайын өзекті.
Аудандық басылым халықтың газ тұтынудағы сауаттылығын арттыру мақсатында осы тақырыпты жиі көтеріп, насихаттаудан жалыққан емес. Былтырғы от жағу маусымында редакцияда дөң­гелек стол ұйымдастырып осыған жауап­ты мамандардың басын қосқан едік. Сонда газ жөндеумен тұрақты айна­лысамыз деген Қызылорда “Алау-Газ” ЖШС-ның Жаңақорғандағы бөлім­шесі атынан Жолдас Ержанов деген азамат нақты жауап берген еді. Қайда сол мекеме? Неге тұрақты жұмыс жасап, газ қауіпсіздігін қадағаламайды?
Тұрғындар тұтынған газ көлеміне ақы төлеу үшін ай сайын кассаға қаржысын құйып, квитанция алып келеді. Сол төлем қағазында екі қызмет түрі тұрады. Біріншісі қолданған газдың құны, екіншісі РЦКУ – Қызылорда ЖШС – ның жөндеу ақысы. Яғни осы мекемемен газ құрылғыларының қауіпсіздігі жөнінде келісімшартқа отырған. Өте жақсы. Бірақ жөндеу жұмысы да жүйелі атқарылуы керек қой.
Осы жұмысты міндетіне алған азаматтардың ала жаз үй-үйге соғып, газ плиталары мен мұржалардың жағдайын тексеріп, ақауын жөндеп, жанашыр болып жүрген жағдайларын көрсеңіз айқайлап айтып осы ағайынға араша түссеңіз қане. Тіпті осы топпен ары қарай да қол үзбей қарым-қатынаста болыңыз, қарсылығымыз жоқ. Бірақ қазір бәсекенің заманы. Шыншылдық пен сапа болмаған жерде көп сенімінен ажырап қалу оп-оңай.
Осы жерде өз басымыздан өткен жағдайға тоқталайық. Бірнеше күн газ плитасы жиі өшіп, газдың иісі білінген соң өзіміз білетін Қызылорда «Газреммонтаж» мекемесінің аудандағы өкілдігіне телефон шалдық. Бұл бригада биылдан бастап Жаңақорған кенті көшелерін тұтасымен кезекке қойып тексеру, жөндеу жұмысымен өздері айналысуды міндетіне алыпты. Нақ бүгінгі күні Пақырдинов көшесінде жұмыс жасап жатыр екен. Бірақ апатты жағдайда шақырушыларға кезектен тыс көмекке келетінін айтып, жарты сағаттан соң жанымызда болды. Жігіттер газдағы ақаулықтарды тауып, жөндеп бітемін дегенше біз осы бригаданың басшысы Роза Сыпатаевамен тілдесіп үлгердік. Ол «Газреммонтаж» ЖШС-нің атқаратын жұмыстарына тоқталдаы. Мекеме мамандары газ құбырларының боялу және бекітілу жай-күйін, ғимараттың сыртқы және ішкі конструкциялары арқылы газ құбырлары тартылатын аумақты тексереді. Олардағы қауіпсіздік автоматикасының жұмыс қабілеттілігін зерделеп, жекелеген бөлшектерін ауыстырады немесе жөндеуді іске асырады. Газ плиталарының көздерін тазалап, дұрыс жануын реттейді. Газ пештері мұржаларының қауіпсіздігін тексеруді де қоса атқарады екен. Маманның тұрғындарға айтатын басты ескертпесі төмендегідей:
Егер жалын көк емес, сарғыш түске боялып, дірілдеп жанып, куйе шыға бастаса газ құралын оттан жедел ажыратыңыз.
Жақсы таңдалған сапалы орнатылған түтін арнасы жылытқыш қауіпсіздігінің кепілі. Сонымен қазандық құрылысының ішкі құрылымы, таңдалған материал мен таңдалған дизаинның дұрыстығы да үлкен мәнге ие. Әдетте мұржаларды дұрыс таңдау мен ыңғайлы орналастыру кәсіби тұрғыда болуы керек.
Осы міндеттерді толықтай жауап­керщілікке алған мекеме қарамағында тұрақты газ мамандары Мұзаффаров Асылжан, Дүрмағанбетов Үсен сынды өз ісінің шеберлеріне бүгінгі таңда уақытпен санаспай жұмыс жасауына тура келіп отыр. Өйткені олар үшін елдің амандығы, адамдар қауіпсіздігі бәрінен маңызды. Қажет еткен жағдайда кез келген уақытта 87756266433 телефонына уатсап арқылы тапсырыс бере аласыз

Баян ҮСЕЙІНОВА
11 қараша 2020 ж. 615 0