» » Сора егіп сотталды

Сора егіп сотталды


Оңай олжа арқылы тез байып кетуді армандайтындар аз емес. «Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен» жүріп, маңдай тер, табан ақысыз қалтасын қалыңдатқысы келетіндер қашанда болған. Дегенмен, оның барлығы заң бұзушылыққа әкеп соғады. Нәтижесі белгілі. Темір тордың арғы бетінен бір-ақ шығады.


Сөзіміз жүйелі, деректер дәйекті болу үшін нақты іске көшейік. Жаңақорған аудандық сотымен сотталушылар Е.,Б., Ж-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтарымен және 296-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, сотталушылар осы жылдың мамыр айының басында сотталушы Е өзінің сыбайластары Б, Ж-пен және Т. есімді адаммен төртеуі алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып, ірі мөлшерде құрамында есiрткi заттар бар өсіруге тыйым салынған сора өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру жөнінде сөз байласып, өзара жоспар құрып, төртеуі өздерінің жоспарлаған қылмыстық іс-әрекеттерін ақырына дейін жеткізу мақсатында, Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылының күн батыс бетіндегі, ашық даладағы құмның арасына, ұяшық жасап, сол жерге есірткі өсімдігі сораны егіп, өсірген және осы аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындап, иемденіп, сақтаған.
Сотталушылардың бұл әрекеттері өздерінің кінәсін толық мойындаған жауаптарымен және іс құжаттарымен толық дәлелденді және аудандық сот үкімімен сотталушылар Е., Б., Ж. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 1,3)-тармағында көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыруға және Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыруға жазасы тағайындалды.
ҚК-нің 58-бабының 3 бөлігінің негізінде түпкілікті 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.
Сотталушылар жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуге белгіленді.
Үкім заңды күшіне енбеген.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
26 қазан 2020 ж. 319 0