Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 54

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Есті алып, егесін сорлатты

Есті алып, егесін сорлатты


Адал еңбек етіп, мағыналы өмір сүруден бұрын бөгде әрекеттерге бой ұрып, өзіне ғана емес, әлеуметтің қалыпты өмірін торға шырмайтын түйсіксіз әрекеттерімен жас өмірін темір торға тұсап, ата-ана, туғандарын жерге қаратқан жағдайлар қай жағынан алып қарасаңыз да кешірімсіз. Осындай істер қатарында аудандық сотта сора егіп, сорына жолыққан азаматқа шығарылған үкім жөнінде жариялаудағы мақсат, жастарымызды осындай келеңсіз жолдан аулақ болса дейміз.


Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық соты судья Исағали Тұңғышбаевтың төрағалық етуімен, Жаңақорған аудандық сотының сот отырысы залында қылмыстық істі қарады.
Сотталушы Б.Ә 1986 жылғы 22 ақпанда туған, білімі орта, жұмыссыз, бұрын сотты болмаған, Қызылорда облысы Шиелі кенті Дәулеткерей көшесі №46/2 үйінің тұрғыны.
Қазақстан Республикасының ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 1,2,3-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыппен сотқа берілген.
Сотталушы Б.Ә. 2019 жылдың наурыз айы ішінде сыбайластары М.Ә, А.Н, М.Қ-мен құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді ірі мөлшерде заңсыз егіп өсіру жайлы келіскен. Осыдан кейін сыбайластары Жаңақорған ауданы Төменарық ауылының батысындағы 16 шақырым қашықтықтағы «Қызылбайыр» жайылымындағы қалың шеңгел ағаштары арасына барып, сора өсімдігі егетін жерді белгілеп, қалың шеңгел ағаштарын шауып, есірткі егетін орынды дайындап, жерді қопарып, су жүретін арықтарды салып, құрамында есіркі заттары бар өсіруге тыйым салынған 149 түп сора өсімдіктерін заңсыз егіп өсірген.
Осыдан кейін сотталушы Б.Ә. сыбайластары А.Н пен М.Ә бірнеше рет ірі мөлшерде өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді егіп, өсіру мақсатында үшеуі 2019 жылдың маусым айында нақты уақыты тергеп-тексерумен және сот тергеуінде анықталмаған күні Жаңақорған ауданы Төменарық ауылының солтүстігінде шамамен бес шақырым қашықтықта орналасқан жайылымдық жерде қалың шеңгел тоғайының арасына есірткі шөбін егетін жер дайындап, есірткі құралы сораның өсімдік дәндерін егіп, құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған 185 түп сора өсімдіктерін егіп, өсірген.
Басты сот талқылауында сотталушы Б.Ә. жауабында, төмендегідей көрсетті. 2019 жылдың наурыз және маусым айыларында немере інісі болып келетін М.Әділбеков егістік алқапқа егін егуге асарға шақырғанын, егістік алқапта 10 күндей болып, осыдан кейін Нұр-Сұлтан қаласына кетіп қалғанын, егістік алқапта егілген сора өсімдігі екенін білмегенін, жасаған әрекетіне шын жүректен өкінетінін, өзінің қарт ата-анасы бар екенін, отбасының асыраушысы өзі екенін, бас бостандығынан айырмауды, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушы Б.А қылмыстық іс-әрекеті өзінің кінәсін мойындауымен, сотқа дейінгі тергеп тексеруде берген куәлердің жауаптарымен, іс құжаттарымен нақты дәлелденген.
Қазақстан Республикасының ҚК-нің 11-бабының 4-бөлігінің талабына сәйкес сотталушы Б.Ә. ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 1,2,3 тармақтарымен, жасаған іс-әрекеті ауыр қылмыс деп танылады.
Қазақстан Республикасының ҚК-нің 53-54 баптарына сәйкес сотталушының қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін, ауырлататын мән-жай анықталмаған.
ҚПК-нің 387-390, 392-393, 395-398, 401-402-баптарын басшылыққа алып,- сот үкім етті.
Сотталушы Б.Ә. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 1,2,3-тармақтарымен кінәлі деп танылып, 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.
Сотталушы Бахыт Алмасбекович Адилбеков бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуге белгіленді.
Сотталушы Б.Ә-ден 435 889 (төрт жүз отыз бес мың сегіз жүз сексен тоғыз) теңге процестік шығын мемлекет пайдасына өндірілуге үкім етті.
Жастарымыз адал еңбектен қашып, мол олжаға тәуекел етіп ардан таяр осындай ойсыздықтан сақ жүрсе екен.

Эльдар Рыскулов,
Жаңақорған аудандық
сотының судьясы.
13 қыркүйек 2020 ж. 378 0