Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 75

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Билік айтқан би емес, бітістірген би

Билік айтқан би емес, бітістірген би


Қазақ халқының тарихында небір дана билер мен шешендер халық арасында туындаған дауларды бітістіріп, дауласушы тараптарды мәмілеге келтіргені белгілі. Қаншама жылдар бойы шешімін таппаған даулар билердің алдында екі жаққа да пайдалы, ұтымды шешім қабылдау арқылы аяқталған. “Билік айтқан би емес, бітістірген би” деген қағида да сол кезден қалған.
Осы ескі дәстүрді жаңғыртып, Елбасының дауларды соттан тыс реттеу тапсырмасын іске асыру, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мақсатында республикамыздың барлық өңірлерінде Жоғарғы Сот бастамасымен “Билер кеңесі” құрылып, жұмыс жасауда.
Билер кеңесінің құрамына өңірде белгілі, өмірлік тәжірибесі бар, халықтың құрметіне бөленген азаматтар енгізілген. Олар ел ішінде туындаған даулардың дауласушы тараптарды татуластыру арқылы аяқталуына, ұсақ-түйек өзара жанжалдарының сотқа жетпей шешімін табуына ықпалын тигізеді. Ал бұл өз кезегінде ел ішіндегі ынтымақ пен бірлікті нығайтады.
Өткен жылдан бері Жаңақорған ауданында және ауданның барлық ауылдық округтерінде Билер кеңесі құрылған. Аудан орталығындағы Билер кеңесінің мүшелері сол уақыттан бері сот өндірісіне түскен неке бұзу санатындағы азаматтық істер және онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша тараптарды татуластырып, татуластыру шараларының тиімділігін көрсетті.
Билер кеңесінің жұмысын жандандыру, халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың 1 қазаны күні Қызылорда облысы бойынша Билер кеңесінің төрағасы З.Нұрсейітов және Кеңес мүшесі Ғ.Шакетованың қатысуымен Жаңақорған ауданы әкімдігінде жиын өтті. Шараға аудан орталығындағы Билер кеңесінің мүшелері және ауыл әкімдіктері жанынан құрылған кеңес мүшелері онлайн режимде қатысты.
Жиынды алғы сөзбен ашқан аудан әкімінің орынбасары Д.Тұрсынбаев қазақтың билер кеңесін ұлттық құндылықтар ретінде танып, халық арасында кеңінен насихаттау қажеттілігін атап өтіп, Билер кеңесінің жаңартылған құрамын таныстырды.
Облыстық Билер кеңесінің төрағасы З.Нұрсейтов пен Кеңес мүшесі Ғ.Шыңғысова облыс көлемінде құрылған билер кеңесінің атқарған жұмыстарына тоқталып, ауданда кеңес жұмысын жандандыру мақсатында бірқатар ұсыныстар енгізді.
Өз кезегінде сөз алған аудандық Билер кеңесінің мүшелері көшпелі қазақ қоғамының билер соты тарих қойнауында қалса да, оның беделі мен мәртебесі әлі күнге де өзектілігін жоймағанын атап өтіп, ата дәстүрін жалғастырып, дауларды сотқа жеткізбей шешуге аянбай үлес қосатындарын білдірді.
Бізде өңірімізде құрылған Билер кеңесінің қазақ халқының тарихындағы билер сотынан қалған ұмытыла бастаған жақсы дәстүрді қалпына келтіруге жасалған игі қадам болды деп санаймыз.
Берекесі мен бірлігі жарасқан ел боламыз десек, елдің бірлігін, татулығын ойлайық, ағайын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Алия ТУБЕКБАЕВА,
Жаңақорған аудандық сотының төрағасы
01 қазан 2020 ж. 250 0