Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Билер кеңесі» қылмыстық іс бойынша тараптарды татуластырды

«Билер кеңесі» қылмыстық іс бойынша тараптарды татуластырды


Жаңақорған ауданында «Билер кеңесінің» құрылғанына көп уақыт болмаса да, бітімгершілікке қол жеткізу тұрғысында біршама жұмыстар атқарылып, яғни кеңес жергілікті тұрғындар арасында дауларды дәстүрлі жолмен  шешіп, тараптарды  татуластыруда.
Аудандық сот өндрісіндегі ұрлық фактісі бойынша ауырлығы орташа санаттағы қылмыстық істе осы Билер кеңесінің көмегімен өз шешімін тапты.
Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Ж., Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылында орналасқан жәбірленуші Т-тың «Нұрсауле» атты дүкеніне барып, қоймаға заңсыз кіру арқылы бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру ниеті туындап, дүкен ішінен 4 дана «Зерно» үлгісіндегі арағын, 4 дана «Соболь» үлгісіндегі арағын, 1 дана «Весновка» үлгісіндегі арағын, 4 дана «Джин» үлгісіндегі пістесін, 1 дана «Альпенгольд» үлгісіндегі шоколадын және кассада тұрған 1700 теңге ақшасын жымқырып, жәбірленуші Т-ге жалпы құны 13250 теңге мүліктік шығын келтірген.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3 тармағымен сотталушы Ж., қатысты қылмыстық іс Билер кеңесінің көмегімен оң шешімін тауып, сотталушы жәбірленушіге келтірілген залалды өтеп, тараптар татуласты.
Бұл ел ішіндегі кейбір кикілжің, дау-дамайларды тараптардың татуласуымен шешуге «Билер кеңесінің» ықпалы зор екенін көрсетеді.

Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
28 қараша 2019 ж. 759 0