№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Полиция қызметінде қырағылық қажет

Полиция қызметінде қырағылық қажет

Жыл сайын 23 маусым күні Қазақстан Республикасының полиция күні атап өтіледі. Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 28 жыл толды. Елдегі карантиндік режимге байланысты биыл тәртіп сақшыларының төл мерекесі тойланбады. Дегенмен ел үшін қызметте жүрген полицейлердің ерен еңбегін ел біледі. Кешегі төтенше жағдай кезінде күні-түні қоғам тынышы үшін қырағылық танытқан құқық қорғау қызметкерлері қашанда құрметке лайық. Тәртіп сақшыларының төл мерекесі қарсаңында бөлім бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Айбол Жолдасбаевқа арнайы жолығып, саланың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен атқарылған жұмыстар жөнінде біліп қайттық.
Шыны керек, соңғы кездері елдегі қылмыс бұзушылық күрт көбейді. Қоғамдық тәртіп бұзу, ұрлық, алаяқтық қылмысы азаяр емес. Әсіресе ауыр қылмыс пен мал ұрлығы  өршіп тұр. Міне осындай текетіресте полицейлердің қызметі көрінеді. Әрине қай салада болмасын кем-кетіктер болады. Дегенмен еңбектің жемісі, тамшы тердің нәтижесіне халық таразы. Алдымен атқарылып жатқан жұмыстарды білдік.
– Жаңақорған ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуда біршама профилактикалық жұмыстар атқарылды. Жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан тіркелген қылмыстар өтмен жылмен салыстырғанда – 34,7 процентке кеміді. Оның ішінде қоғамдық орында жасалған қылмыстар – 70,3, көшеде жасалған қылмыстар – 66,7, мас күйінде жасалған қылмыстар – 47,6, бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар – 63,3, топтасып жасалған қылмыстар – 54,5, отбасы, тұрмыстық ортада және атыс қаруымен жасалған қылмыстар – 100 процентке азайды. Мұндай нәтиже полиция қызметкерлерінің ерен еңбегінің арқасында, – деді Айбол Тасболатұлы.
Әлемді әбігерге салған «СOVID-19» індеті артқан тұста, сақтық шараларын іске асыруда халықтың полиция қызметкерлеріне деген сенімінің артқанын көреміз. Осылай деген полиция подполковнигі сөз арасында әріптестерін төл мерекемен құттықтады.
– Полиция күні мерекесімен әріптестерімді құттықтаймын. Осындай жауапкершілігі ауыр салада еңбек етіп, ел сенімін абыройлы атқарып жүрген тәртіп сақшыларына қызметте өсуіне тілектеспін. Отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілеймін. Бәрінен бұрын, полиция деген атқа кір кілтірмей, үнемі халық алғысын арқалап жүрулеріне тілек білдіріп, әрі сенім артамыз, – деді полиция подполковнигі.
Иә, ел сенім артты, ендігі міндет сенім үдесінен шығу маңызды. Бұл құқық қорғау саласындағы бірінші талап. «Біздің қызметкерлердің әрбір қада¬мы – елдің көз алдында. Ең бастысы, ізгі қоғам¬ның қарапайым қағидаларына қылау жұқтырмауда қырағы күзетінен танбайтын тәртіп сақшылары талапты өзінен бастауы керек дер едім. Басшы талабы осындай. Мәртебелі міндет орындалуымен маңызды» – деп әңгімемізді түйіндеді Айбол Жолдасбаев.

Әли ТЕМІРБЕК
23 маусым 2020 ж. 1 208 0