Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс қаралды
Жаңақорған аудандық сотында 12 шілде 2018 жылы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен жеке сот орындаушы Б. қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы Б., осы қызметті атқарып жүріп, бір пиғылмен және бір мақсатпен меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар ниетімен өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін өзінің қызмет бабын пайдаланып иемденіп алу арқылы жымқырған.
Атап айтқанда сотталушы Б., өндірісіндегі борышкерлерден Б., 98 896 теңге, О., жалпы құны 107 006 теңге аударылған, алайда, жалпы 205 902 теңгені мемлекет пайдасынааудармай, жеке бас пайдасына жаратып, жымқырған, сонымен қатар, сотталушы Б., қылмыстық әрекетін одан әрі жалғастырып жәбірленушілерС., 154 519 теңге, Р., 60 000 теңге, А., 1000 889 теңге мүліктік залал келтірілген.
Сотта қарау барысында сотталушы Б., өзіне тағылған айыпты толық мойындап, қазіргі таңда жәбірленушілер өзіне кешірім беріп, талап тілектерінің жоқ екенін көрсетіп, істі тоқтатуды сұрауына байланысты өзін қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Сот қаулысымен сотталушы Б., Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68 бабының 3 бөлігінің талаптарына сай, жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ол жөнінде Қазақстан Республикасы ҚК-нiң 189 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен айыпталған қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енбеген
Жаңақорған аудандық сотының маманы Б.Қалдыбаев
Пікір 1