Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық соты көшпелі сот отырысын өткізді

Жаңақорған аудандық соты көшпелі сот отырысын өткізді

  Жаңақорған аудандық сотының судьясы И.Тунгышбаев Жаңақорған аграрлы техникалық колледжінің акт залында көшпелі сот отырысын өткізді. Сот отырысында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігінің 5-тармағымен сотталушы А. қатысты қылмыстық іс қаралды.


  Істі қарау барысында сотталушы А., 2019 жылдың 26 наурыз күні Жаңақорған кенті, Қожанов көшесінің бойында орналасқан «Ынтымақ» мейрамханасының алдында бұзақылық ниетпен жәбірленуші Ә., бет тұсынан сол қол жұдырығымен бір мәрте ұрып, денсаулығына қасақана орта дәрежелі зиян келтірген. Осылайша сотталушы А., бұзақылық ниетпен, денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіріп, қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған.
Сотта, сотталушы А., өзіне тағылған айыпты толық мойындап, қазіргі кезде жәбірленуші Ә., татуласқанын, келтірілген залалды толық өтегенін, ол өзіне кешірім арызын беріп, медиация шартын жасағандарын көрсетіп, өзін қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық істі тоқтатуды сұраған және жәбірленуші сотталушыға кешірім беретінін, оған қояр талап тілегінің жоқ екенін, соталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады.
Аудандық соттың қаулысымен сотталушы А., жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласып, келтірілген залалды қалпына келтіруіне байланысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс тоқтатылды.
Бұдан бөлек бұл  іс шара халық арасында қылмыстық құқық бұзушылықтың орын алуының алдын алу мақсатында, қылмыстық заңнаманың қағидаларын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы»Заңын түсіндіру үшін өткізілді.
Көшпелі сот отырысына аталған мекеме басшылығы мен қызметкерлері  қатысып, соңында пікірлерін білдіріп, жастарға сабақ болатынын атап өтті.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
12 маусым 2019 ж. 671 0