Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елдік құжат – сапалы өмір негізі

Елдік құжат – сапалы өмір негізі

Аудан әкімі Руслан Рүстемовтің Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерге орай идеологиялық актив жиынында сөйлеген сөзі.

Президент Жолдауы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, жаңа заман талаптарына сәйкес экономикалық даму, өнеркәсіп әлеуетін күшейту, ауылшаруашылығы саласын, көлік-логистика кешенін, шағын және орта бизнесті, қаржы секторын, өңірлік даму және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын арттыру секілді бірқатар бастама көтерді. Жаңа құжат 11 басым бағыттан тұрады.

Бірінші. Мемлекеттік бас­қарудың жаңа үлгісін жүйелі түрде жүзеге асыру қа­жеттігін тапсырды. Сон­дай-ақ мемлекеттік бас­қаруға, кадр саясатына, ше­шім қабылдау жүйесіне жә­не оларды орындау жауапкершілігіне деген көз­қарасты өзгертуден бас­тауымыз керек деп атап көрсетті.
Мемлекеттік қызмет­кер­­­лерді 2020 жылы 10 па­й­­ыз­­­ға, 2021 жылы 15 пайызға қысқартып, үнемделген қар­жы есебінен факторлық бал­лдық шкала негізінде ақы төлеуді тап­сырды.
Осыған орай, аудан әкі­­мінің аппарат басшысы Абибулла Асанбайұлы би­ыл­ғы жыл­ғы 10 пайыз­дық қыс­­­қар­туларды бос вакан­­сиялар есебінен жүр­гі­зу­ді тапсырамын. Бос ва­­­кан­­сияларға конкурс өткі­зуге бүгіннен бастап заң­­­дылықтарға сәйкес тоқ­тату­ды ұсынамын.
Екінші. Жолдауда атап өткендей биылғы жы­лы ин­дустрияландыру бағ­дар­­ламасының үшінші бес­жыл­дығына аяқ бастық.
Осы орайда, Жол­дауда Президент индустрия­лан­­дырудың үшінші бес­жылдығын жүзеге асы­ру барысында бұрын жіберіл­ген қателіктер мен олқы­лықтарды ескеру қажеттігін атап өтті.
Аудан әкі­мінің орын­басары Ғалым­жан Жарқынбекұлы, аудандық кәсіп­керлік, өнеркәсіп жә­не туризм бөлімінің бас­шысы Қаржыбек Тәжібайұлы индустрия­лан­дыру картасына енгі­зілген 3 жобаға тал­дау жүргізіп, нақты іске асы­рылатын жобаларды индустрияландыру карта­сын­да қалдыру туралы ұсы­ныс енгізуді, сонымен қатар үшінші бесжылдықтың шарттарына сәйкес ке­ле­тін 2020 жылы іске қо­сы­луға дайын тұрған жоба­ларды қысқа мерзімде индустрия­ландыру картасына енгізу­ді және индустриялық аймақ­тарды жаңа жоба­лар­мен толықтыруға жұмыс жүргізіп қамтамасыз етуді тапсырамын.
Жолдаудан туындайтын тағы бір міндеттердің бірі – әлемде қалыптасқан жаңа ахуалға қарамастан елге инвестиция тарту, отандық тауарлар мен қызметтерді экспортқа шығару.
Өздеріңізге мәлім, ин­фра­құрылымдық жоба­лар­­дың аяқталуына орай, биыл­ғы жыл басынан бері инвестиция көрсеткіші тө­мен­ екенін көруге болады. 2020 жылдың 7 айдағы көрсеткіш 40,2 пайызға төмендеді (7 млрд теңге). Биыл ауданымызға 28 млрд теңге инвестиция тарту межесі бекітілді, яғни қалған 4 айда бекітілген ме­жені орындау үшін жұ­мыс жасауға тиіспіз, яғни 21 млрд. теңге инвестиция тартуымыз қажет.
Есебіміз бойынша ме­же­ні орындауға мүм­кін­­­­діктеріміз бар. Осы жұ­­мыс­­тарды үйлестіруді аудан әкімінің орын­ба­сары Ғалымжан Жарқын­бекұлына тап­сырамын.
Сонымен қатар, өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабі­леттілігін ынталандыру мақ­­сатында «Қарапайым заттар экономикасы» бағ­дарламасы іске асырылуда.
Бағдарлама аясында өткен жылы құны 14,3 млн. теңгені құрайтын – 2 жобаның өтінімдері мақұлданды. Ағымдағы жылғы 8 айда құны 264,1 млн. теңгені құрайтын 14 жоба мақұлданып, 520,0 млн теңгенің 20 жобасы қаралуда.
Бағдарламаны нәтижелі жү­зеге асыру мақсатында барлық кент, ауылдық округтер бойынша 2 миллиард теңге игеру межесі бекітілген.
Осы ретте, барлық кент, ауылдық округ әкімдері аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және ту­ризм, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау, ауыл шаруашлығы, аудандық сәу­лет, қала құрылысы және құры­лыс бөлімдерімен бірлесіп бекі­тілген межені орындауды тапсырамын. Үшінші. Теңгерімді аумақтық даму бағыты өте өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет бас­шысы өңір­лердің өзіндік ерекшелігіне қарай аумақтық даму жолында әр облыстың бәсе­келі артықшылығын ескеруді тапсырды. Бұл бағытта біздің ауданның барлық мүмкін­діктері бар.
Президент атап көрсеткендей аграрлық секторға дәстүрлі қолдау көрсетумен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең­детіп қайта өңдеуге, тамақ және тоқыма өндірісін дамытуға, құрылыс материалдарын шыға­руға және өнеркәсіптің өзге де салаларын дамытуға баса назар аудару үшін аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Жар­қын­бекұлы, ау­дан­­­дық ауыл шаруашылығы бөлі­мі (Т.Базар­баев), «Атамекен» Ұлт­тық кәсіпкерлер палатасының Жаңа­қорған аудандық филиалы (М.Нұртазаев келісім бойын­ша), барлық кент, ауылдық округ әкімдері тиісті шаралар қабыл­дауымыз қажет.
Төртінші. Басты басымдық – азаматтардың әл ауқатын арттыру үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, ең алдымен, баспана мәселесіне тікелей байланысты деп атап көрсетті. Бұл бағытты тиімді әрі сапалы жүзеге асыруда ең алдымен жер үйлер салу үшін инженерлік инфрақұрылымды дамыту шара­ларын қабылдауымыз қажет.
Менің білуімше, ауданымызда 5 мыңнан астам жер кезегінде тұрған азаматтар бар. Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Жарқын­бекұлы, аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Нұржан Шайзиндаұлы, кент әкімі Есдаулет Мырзадаулетұлы тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырамын.
Сонымен бірге Президент тапсырмасына сәйкес «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасы жүзеге асырылмақ. Жоба аясында экстракорпоральді ұрықтандыру бағдарламалары бойынша бөлі­нетін квота санын республика бойынша 7 мыңға дейін, яғни 7 есе көбейту жоспарланған. Бұл дегеніміз бала сүюді армандаған отбасылар үшін үлкен мүмкіндік.
Осыған орай, аудан әкімінің орынбасары Дархан Есалыұлы және Жаңақорған ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Яхия Кәдірбекұлы аудан азамат­тарының тиісті үлесінің болуына бүгіннен бастап жұмыс жасауды тапсырамын. Бала сүю бақытына біздің аудан азаматтарының да көптеп қол жеткізуіне белсене жұмыс жасаңыздар.
Бесінші. Мемлекет басшысы білім сапасын дамытуға қатысты нақты атқаратын шараларды атап өтті.
Әлемде болып жатқан өзгер­мелі жағдайлар білім беру жүйесіне өзіндік әсерін тигізіп отырғаны белгілі. Төрткүл дүниені шарпыған пандемия біздің өмір салтымызды да түпкілікті өзгертті. Биылғы жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталды.
Қашықтан оқытуға байланысты білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізіліп, білім алушылардың интернетке қосылуы, электронды құрылғылармен қамты­луы, оқы­ту­дың әдістемесі, педагог­тары­мыздың дайындық жағдайы сарап­талды.
Байланыс операторларымен бір­лесіп, елді мекендердегі интер­неттің жылдамдығын арт­ты­ру бойынша тиісті жұмыс­тар жүргізілді. Мұның барлығы қашықтан оқытудың сапасын арттыру, оқушылар мен сту­дент­терге қолайлы жағдай қалып­тастыру мақсатында жасалған жұмыстардың бір бөлігі.
Өздеріңізге белгілі, өткен жылы білім саласы үшін маңызды құжат «Педагог мәртебесі» туралы Заң қабылданды.
Осы жаңа бастамалар аясында ауданымызда ағымдағы жылы 2587 педагогтың жалақылары 25%-ға көтерілсе, 2021 жылы тағы 25%-ға артатын болады.
Бұдан бөлек, функционалдық міндеттеріне және санаттарына қарай қосымша 30-50% үстемақы төленуде.
Жолдауда айтылған маңызды мәселелердің бірі мектепке дейінгі жастағы балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау.
Ауданымызыда 3 пен 6 жастағы балалар балабақшаға 100 пайыз барғанымен, 3 жасқа дейінгі балалардың қамтылуы төмен, яғни 18 пайызды құрап отыр.
Ендігі кезекте көрсеткішті көтеру бағытында кент, ауылдық округ әкімдері мен аудандық білім бөлімі бірлесіп жұмыс жасауы тиіс.
Келесі мәселе, техникалық және кәсіптік білім беру саласы заман талабына сай маман әзірлеуді қамтамасыз ету.
Ауданымыздағы жалғыз Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжін жылына 230 астам түлек бітіріп шығады. Бітірушілердің жұмыспен қамтылуы, олардың кәсібін ашып, жобаларды дамыту көрсеткіші әлі де сын көтермейді.
Еңбек нарығына дайындалатын мамандарға сұранысты ескеру және серіктес ұйымдармен, жұмыс берушілермен байланыс шараларын қабылдау колледж директорымен бірлесіп аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, ауыл шаруашылығы бөлім мен жұмыспен қамту орталығының басты міндеті болмақ. Аудан әкімінің орын­басары Дархан Есалыұлы соңғы 3 жылда колледжде қандай мамандықта неше бала бітіріп шықты, олардың жұмыспен қамтылуы туралы талдауды ұсы­ныңыз! Жұмыссыздар саның көбейтіп, қажетсіз мамандықтар мен мемлекеттің қаржысына сапасыз мамандар шығаруға жол бермейміз!
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін спорттық сек­циялар мен үйірмелерді ашу жөнінде тапсырма берді. Алайда ауданымызда балаларға қосымша білім беру мен қамтылу көрсеткіші әлі де төмен деңгейде болып тұр.
Біз барлық мүмкіндіктерді еске­ре отырып, балалардың танымдық қабілетін шындауға қажет шараларды іске асырумыз қажет.
Осы орайда, аудан әкімінің орынбасары Дархан Есалыұлы (Тұрсынбаев), аудандық білім бөлімі Болат Мақсұтұлы (Ибраги­мов) ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп:
1. Қашықтан оқыту барысында балаларға сапалы білім беру­ге қажетті жағдайларды ұйым­дастырсын және санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәс­түрлі оқытуға көшетін мектеп­тердің мүмкіндігін қарас­тырсын;
2. Жеке бизнес өкілдерін тарта отырып, 1-2 жастағы бала­лардың қамтылу көрсеткішін арттыру бағытында тиісті шаралар қабылдасын;
3. Балалардың шығармашылық қабілетін шындауға және спортпен айналысуға қажет шараларды іске асырудың арнайы аудандық жол картасын әзірлеуді тапсырамын.
Сонымен қатар, Жолдауда бұқаралық спортқа, дене тәрбие­сіне және балаларға басымдық беру керек деп атап көрсетілген.
Осыған орай, аудан әкімінің орынбасары Дархан Есалыұлы (Тұрсынбаев), аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі (М. Рахымжанов) және кент ауылдық округ әкімдері:
1. «Ауданымызда бұқаралық спортты дамыту» жобасын жүзеге асыруды жалғастырсын;
2.Мемлекеттік-жекешелік әріп­­­тес­тік аясында 2020-2021 жыл­­­дары ауданымызда 9 спорт ке­шені жобасы мен 1 бассейн жо­ба­сын кезең-кезеңімен жүзеге асырсын.
Алтыншы. Денсаулық саласын дамыту басты назарда болуы керек.
Бүгінгі күнге ауылдық жер­лердегі тұрғындарымызға меди­ци­налық көмек көрсететін 17 дәрігерлік амбулаторияның 76,5 пайызы типтік және лайық­тандырылған ғимаратта орна­ласса, 8 фельдшерлік-акушерлік бекеттердің 100 пайызы типтік және лайықтандырылған ғима­ратта орналасқан. 10 медициналық бекеттің 70 пайызы типтік және лайықтандырылған ғимаратта орналасса, 3 ауылда (Қалғансыр, Қашқанкөл, Қауық) медициналық бекеттердің ғимараты мүлдем жоқ.
Аталған мәселені шешу үшін 2017-2019 жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 2 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік акушерлік бекет, 6 медициналық бекет ғимараттары сатып алынды. Дегенменде, Жолдау бұл бағытта әлі де жұмыс жасау қажеттігімізді айқындады.
Осыған орай, аудан әкімінің орынбасары Дархан Есалыұлы (Тұрсынбаев), Жаңақорған ау­дан­аралық ауруханасының бас дәрігері Яхия Кәдірбекұлы (Шора­баев) және кент, ауылдық округ әкімдері тиісті елді мекен бойынша емдеу ұйымдары ғимараттарын салу бойынша нақты шешімдер ұсынсын.
Сондай-ақ Жолдауда көрсе­тілген мәселелердің бірі дәрігер­лердің беделін арттыру, маман тапшылығын жою. Дәрігер жетіс­пеушілігін шешу үшін, 2019 жылы ауданның емдеу ұйымдарына 8 жас маман қабылданса, 2020 жылдың осы мерзіміне 5 жас маман тартылып, олардың 2-і елді мекендерге жолданды, бүгінгі күнге 10 мың тұрғынға шаққанда халықтың дәрігермен қамтылу деңгейі 22,8 болып тұр. Осы мақсаттағы жұмыстарға талдау жасап тиісті ұсыныстарыңызды енгізіңіздер.
Жетінші. Экология және биологиялық әркелкілікті қорғау мәселесі назардан тыс қалмауы керек. Жолдауда көрсетілгендей алдағы 5 жыл ішінде, аймағымызда мемлекеттік орман қорында 30 млн. және елді мекендерде барлығы 1 млн. астам ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуі тиіс екендігін аймақ басшысы Гүлшара Наушақызы тапсырды.
Бұл ретте, ағаш көшеттерін отырғызуды біз науқаншылыққа айналдырмауымыз қажет. Тал егу керек екен деп, суы жоқ құрғақ жерге жаппай көшет отырғызу мәселесі мүлдем болмауы тиіс.
Сондықтан аудан әкімінің орын­басары Ғалымжан Жарқын­­бекұлы және кент, ауыл­дық округ әкімдері, орман және жануарлар дүниесін қорған меке­месімен (Н.Мұқанов) бірлесіп, бірінші кезекте аяқ су жүйелерін қарастыра отырып, елді мекендерді көгалдандыру және жасыл белдеулер құру жөніндегі 5 жылға арналған кешенді іс-шара жоспарларын әзірлеп, ағымдағы жылдың 1 қазанға дейін ұсынуды тапсырамын.
Кент, ауылдық округ әкімдері жергілікті тұрғындардың эколо­гиялық мәдениетін қалып­тастыру, елді мекендердегі стихия­лық қоқыстарды тазалау, қолда­ныстағы полигондарды эко­логиялық талаптарға сәйкес­ендіру бағытында кешенді шаралар жүр­гізулері тиіс.
Қабылданатын шаралардың барлығы «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасының көр­сет­­кіштеріне қол жеткізуге мүм­кіндіктер береді.
Сегізінші. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы азамат­тардың мүддесін қорғау жолын­да әділетті мемлекет қағидасын ұстануды тапсырды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжы­рымдамасы екенін айрықша атап көрсетті.
Сондықтан барлық мемлекеттік мекеме, кәсіпорын басшыларына кент, ауылдық округ әкімдеріне осы бағытта жұмыстарды жандандыруды тапсырамын.
Тоғызыншы. Цифрландыру - барлық реформаның негізгі элементі және сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы болуы керек.
Қазіргі таңда интернет және ұялы байланыс жолдары электр жарығы сынды негізгі қажеттілікке айналды. Сондай-ақ, қашықтықтан оқыту мәселесі мен карантин уақытында үйден қызмет көрсету проблемасы алдымыздан шығып отыр.
Сондықтан, Президент тап­сыр­масына сәйкес, аудан әкімі­нің орынбасары Ғалымжан Жарқынбекұлы (Сопбеков), об­лыс­­тық цифрлық технологиялар басқармасымен қыркүйек айының соңына дейін аудандағы елді-мекендерді толық интернетпен қамтамасыз ету жоспарын ұсы­нуды тапсырамын.
Оныншы. Жолдауда азамат­тардың мемлекетті басқару ісі­не қатысуына аса мән беріліп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырым­дамасының негізінде жүзеге асырылмақ. Мемлекет басшысы өз сөзінде "Бұл саяси реформалардың бастамасы ғана" – деп атап өтті. Алдымызда мемлекеттік биліктің бірқатар институттарын реформалау жоспарланған. Солардың бірі, ауыл әкімдерінің сайлауын өткізуді қадап айтты.
Осыған сәйкес, аудан әкімінің аппарат басшысы Абибулла Асанбайұлы (Абдуллаев) босаған ауыл әкімдерін сайлауға қажетті жұмыстарын аудандық сайлау комиссиясымен бірге заңдылыққа сәйкес үйлестіру шараларын ұйымдастыруды тапсырамын.
Он бірінші. Ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру басты мәселе болып отыр. Ол үшін Президентіміз 6 басым бағытты айқындап берді.
Терең білімді ұрпақ тәрбиелеу, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу, кез-келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асыру, темірдей тәртіп пен жоғары жауапкершілік, әділдіктен айнымаған жөн және адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық.
Бәріміз нағыз қазақты дәл осындай кейіпте көргіміз келеді. Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз - деп атап өтті. Осыған орай, аудан әкімінің орынбасары Дархан Есалыұлы (Тұрсынбаев) ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру бағытында идеологиялық іс-шара жоспарын әзірлеуді тапсырамын.
Мемлекет басшысының Жолдауында ұтымды ұсыныстар, кесімді пікірлер мен нақты тапсырмалар берілді. Осы тапсырмалар – жалпы халықтың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту бағытының бастауы. Жолдаудың басты артықшылығы осы, яғни, елдің талап-тілегімен үндестігі.
Сондықтан баршаңызды Жолдауда берілген басым-бағыттарды орындауға жұмыла кірісіп, сапалы жұмыс жасауға шақырамын!

08 қыркүйек 2020 ж. 487 0