№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті: «Экономикалық көрсеткіштердің барлығы халықтың тұрмысына оң ықпал етуі тиіс»

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті: «Экономикалық көрсеткіштердің барлығы халықтың тұрмысына оң ықпал етуі тиіс»


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Оған Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің Басшысы, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, Қазақстан Президентіне тікелей бағынышты орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.


Отырысты ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы бірінші жартыжылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытын­дыла­рына тоқталды.
– Қаңтар-маусым аралығында жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік деп айтуға болады. Атап айтсақ, экономикалық өсім 4,1 пайызды құрады. Инфляцияның жылдық көрсеткіші 5,4 пайыз болды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 11,7 пайызға өсті. Әрине, аталған экономикалық көрсеткіштердің барлығы халықтың тұрмысына оң ықпал етуі тиіс, – деді Мемлекет басшысы.
Жиын барысында Премьер-Министр А.Мамин, Ұлттық банктің төрағасы Е.Досаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.Скляр, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев, Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров, Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев, Қарағанды облысының әкімі Е.Қошанов және Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев баяндама жасады.
Қазақстан Президенті спикерлердің назарын банк секторындағы мәселелерге, қиын жағдайға тап болған азаматтардың тұтыну кредиттеріне қатысты қарыз жүктемелерін төмендету шара­ларын жүзеге асыру міндетіне аударды. Сондай-ақ, коммуналдық қызмет көрсету және тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша тұрғындар тарапынан түскен арыз-шағымдардың көптігін атап көрсетті.
Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің баяндамасына тоқталып, өз тапсырмасы бойынша қажетті қаржы бөлінгенін айтты.
– Уақыт өте тығыз. Біз бұл жұмыстарды қысқа мерзім ішінде аяқтауымыз керек. Еліміздің азаматтары, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, өңірлер, отандық бизнес және бірқатар шетелдік инвесторлар зардап шеккендерге материалдық және моральдық қолдау көрсетті. Бұл – халқымыздың береке-бірлігінің арқасы және тұтастығымыздың көрінісі. Бәріне зор ризашылығымды білдіремін, – деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіне әскери қоймаларды көшіру жұмыстарын шұғыл түрде бітіру қажет екенін айтты.
Мемлекет басшысы Арыстағы жарылысқа кінәлілердің барлығын жазалауды тапсырды. Сондай-ақ, әскери ведомствоға бақылауды әлсіреткені және жарылысқа жол берілгені үшін Қорғаныс министрі Н.Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады.
– Қазір оқиғаны зерттеу үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Президент Әкімшілігі мен Қауіпсіздік Кеңесі кінәлілердің бәрін қатаң жазалау жөнінде ұсыныс енгізуі қажет. Бұл қауіптілігі жоғары нысандарға жақын жерге құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат берген азаматтық мемлекеттік қызметшілерге де қатысты. Кінәлілердің бәрі қатаң жауапқа тартылып, жазалануы тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Президенті 20 тамызға дейін басқа да осындай нысандарға егжей-тегжейлі талдау жасау үшін Қорғаныс министрлігіне, сондай-ақ, ескертулер мен төтенше жағдайларды жоюға жауаптылардың функционалдық дайындықтарын және қызметтің тиімділігін арттыру жөнінде Үкіметке тапсырма берді.
Баяндамаларды тыңдаған Мемлекет басшысы Үкіметтің, Ұлттық банктің және өңірлер әкімдерінің жұмыстарына оң баға берді. Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөзінде бағдарламалық құжат­тар мен сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылу тиімділігін арттыру қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жасалған Үкіметтің жобалық офисінің жұмысымен танысты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жобалық офисті ұйымдастырудың негізгі жолдары, басым бағыттары, мақсаттары мен міндеттері жөнінде мәлімет берілді.

Ақорда
---
16 шілде 2019 ж. 821 0