№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Медиация тәртібімен екі отбасы сақталды

Медиация тәртібімен екі отбасы сақталды


Медиация дауды шешудің заманауи тәсілі ретінде оң нәтижесін көрсетіп келеді. Алайда, халықтың еліміздегі медиаторлар туралы хабары аз. Жанжалды шешудің балама тәсіліне еңбек, отбасы, адам құқықтарының сақталмауы сияқты мәселелерде жүгіне алатынын бірі білсе, бірі білмес.


Жаратылысынан сөзге тоқтаған текті, жомарт, ержүрек, ұлттық коды мықты, қаны мен жаны таза ежелгі қазақ қоғамында тараптар арасындағы ірі даулар мен басқа да барлық ұсақ дау-дамайды билер арқылы әділетті шешіп, тараптарды татуластыра отырып, залалдың орнын толтырып отырғаны тағылымды тарихымыздан белгілі.
Медиаторлар бейтарап көзқарасты ұстанады, дау-жанжалдарды шешудің осынау баламалы әдісі тараптардың өзара тиімді мәмілеге келуіне жол ашады.
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген бабаларымыз әділдікті ту етіп, шындықтың салтанат құруына жәрдемші болуға ұмтылған.
Бүгінде ауданымызда медиаторлардың жұмысы» жүйелі жолға қойылған.
Медиаторлар жергілікті тұрғындар арасында дауларды дәстүрлі жолмен шешіп, тараптарды татуластыруды көздейді.
Мәселен, Жаңақорған аудандық сотының өндірісіндегі некені бұзу жөніндегі талап арызымен екі тарап сотқа арызданған, алайда олар медиаторлардың көмегімен оң шешімін тауып, тараптар татуласып, отбасы сақталды.
Басты мақсатымыз - осындай талаптардың деңгейінен көрініп, сот билігінің салтанат құруына қызмет ете беру болып табылады. Ел болған соң дау-дамайсыз болмайтыны анық. Бірақ сол жан-жалды ушықтырмай дер кезінде шешуге қол жеткізу жолдарын дамыту, бүгінгі күнде қай жиынның болса да басты тақырыбына айналып отыр.
Өйткені ұлтымызға жат жағдайларының белең алуы, салт-дәстүріміздің ұмытылып, құндылықтарымыздың құнсызданып, дүние игіліктері көбірек дәріптелетін қазіргі қоғамда дау-дамайлар жылдан жылға еселеп артуда. «Сотқа беремін» деген суық сөз бүгінде жиі айтылатын болды. Неге екені белгісіз, бүгінде соттасуға құмар болып алдық. Ашуды ақылға жеңдіре алмай, болмашыға бола алтын уақытын сот табалдырығын тоздырумен өткізіп жүргендер қаншама?
Әсіресе, азаматтық даулар. Тараптар арасында түйткілдің сот арқылы шешілуі орынды дегенімізбен, өзара түсінісіп, бір бітімге келуге болатын ұсақ-түйек сотқа дейін жетуі - мақтанып айтатын көрсеткіш емес.
Сондықтан ел ішіндегі кейбір кикілжің, дау-дамайларды сотқа жеткізбей шешуге медиаторлардың ықпалы зор.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
02 қыркүйек 2020 ж. 1 050 0