№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өркениет көші

Өркениет көші

Тарихшылар мен ғалымдардың пайымдауынша, адам баласының жер бетіндегі тарихы 50 мың жылдан асты. Осы уақытта 1600 ұрпақ алмасты. Соның ішіндегі соңғы 150 ұрпақ жазу, сызуды меңгерсе, 8-і ғана уақыт өлшеуді біледі, 4-і электр қуатын кәдеге асырды. Ал телевидение, медицина саласындағы жетістіктер 2 ұрпақтың еншісінде. Соңғы ұрпақ интернет пен смартфонды пайдаланып келеді. Бізден кейінгі ұрпақ не істер екен, ә?!

Адамзаттың мыңжылдықтардан бас­тау алатын жолы ғылымды иге­румен күрделене түсті, әрі қар­қынды дами бастады. Қазір ешнәрсе таңсық болмай қалды. Таңғалмаймыз да. Мәселен, Қытай бір түнде 12 шақырымдық асфальтты бұзып, қайта жаңғыртуға (жасайды) қуатты. Ал Дубай бірнеше айда аспанмен таласатын зәулім үй тұрғыза алады. Жапонияда робот технология адамға сапалы қызмет көрсетуде, ал АҚШ-тың тәжірибе алаңындағы жаңалықтар адамзаттың жарты ғасырдан кейінгі өмірінен хабар бере бастады.
Болашақ демекші, біздің алды­мызда не күтіп тұр? Мәселен, фантаст-жазушы Айбек Азимовтың болжамы бойынша, адамзатты ұшатын авто­көліктер мен жер асты қалалары күтіп тұр. Оның осыдан 54 жыл бұрын жазған «50 жылдан соң әлем қалай өзгереді?» деген сауалға жауап іздеп, біздің тұста сымсыз құралдар пайдалану, 3D-фильмдер, жүргізушісіз жүретін көліктер, бейнелік экран арқылы қоңырау шалуға болады дегені өмір шындығына айналды. Расында, қазір смартфон ақпарат алатын немесе байланыс құралғы ғана емес, тіпті банктің қызметін атқара бастады. Яғни түрлі банктік операцияларды орындап, қаржы аудару, сатып алу, сату сынды функцияларды орындауға болады. Смартфонның бізді өмірімізге енгеніне көп бола қойған жоқ. Біз алғаш ұялы телефонды студент кезімізде, яғни екі мыңшы жылдардың басында көрдік, содан бері қолдана бастадық.
Енді 50-100 жылдан кейін не болады? Өркениет көшінен қалмай әлеу­меттік-экономикалық тұрғыда дамуда не қажет?
Футурологтардың дәлелінше, ро­боттар зауыттар мен ауруханаларда жұмыс істеп жатыр, бірақ көп ұзамай олар өмірдің барлық салаларына енеді. 2050 жылға қарай роботтар әр түрлі салада жұмыс істесе, адамдар тек шеберлікті қажет ететін немесе шығармашылық көзқарас қажет жерлерде ғана жұмыс істейтін болады.
Болашақ медицинаның емдеу саласындағы жаңа қадамы дерттің пайда болмауы мүмкін. Жақын келешекте генді терапия бүгінгі ғылымға белгілі 5 мыңдай генетикалық ауру түрінің барлығын немесе түгелге жуығын емдеп жаза алады. 2100-жылға қарай адамның қартаю процесін тежеп, оның 150 жылдай өмір сүруіне қол жеткізеді. Генді терапия адам денесінде «қосалқы бөлшек» өсіп шығуына, сондай-ақ қартайған гендерді сауықтыруға көмектеседі.
Генетика, медицина саласындағы жетістіктерге байланысты жер бетінде демографиялық ахуал күрделене түсіп, соның салдарынан адамдар биік-биік тұрғын үйлер салуға көшеді. Тіпті үйлердің биіктігі жүздеген шақырымнан асуы да мүмкін. Оған 2050-2060 жылы көміртегінен алынған графен сияқты қосындылардың пайда болуы жәрдем болады. Олар өте арзан, бірақ өте мықты ғимараттар тұрғызуға мүмкіндік береді-мыс.
50 жылдан кейін вертуалды құрылғылардың арқасында үйіңіз­ден шықпай-ақ қалаған жерге саяхаттауыңызға, тіпті күнге қызды­рынуыңызға болады.
Қалай болғанда да, адамзатты күрделі өзгерістер күтіп тұр. Тіпті коронавирустан кейін әлем түбегейлі өзгереді дегенге сенетіндер көп. Яғни 5G-дің мүмкіндігін пайдалану арқылы озық елдер әлеуметтік-экономикалық тұрғыда, бәрінен бұрын технологиясы қатты дамып, 50 жылдан кейінгі өмірдің іргетасы қалана бастайды дейді.
Мұны уақыт көрсетеді. Бір анығы, өркениет көші ілгері дами береді. Бұл көште біздің болуымыз білімге, ғылымға қаншалықты деңгейде мән бергенімізге байланысты болады. Себебі алдағы уақытта әлем елдері адами капиталмен ғана бәсекелесетін болады.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
25 тамыз 2020 ж. 493 0