№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Адами капитал – басты құндылық

Адами капитал – басты құндылық


Тарихшылар мен ғалымдардың пайымдауынша, адам баласының жер бетіндегі тарихы 50 мың жылдан асты. Осы уақытта 1600 ұрпақ алмасқан делінеді. Соның ішіндегі соңғы 150 ұрпақ жазу, сызуды меңгерсе, 8-і ғана уақыт өлшеуді біледі, 4-і электр қуатын кәдеге асырды. Ал телевидения, медицина саласындағы жетістіктерді 2 ұрпақтың еншісінде. Соңғы ұрпақ интернет пен смартфонды игілігіне айналдырды. Бізден кейінгі ұрпақ роботты жұмсап, ғаламшарға саяхаттауды жиілететіні анық.

Байқайсыздар ма, адамзат баласының мыңжылдықтардан бастау алатын жолы ғылымды игеріп, инновацияны енгізуімен күрделеніп әрі қарқынды дамып келеді. Қазір ешнәрсе таңсық болмай қалды. Таңғалмаймыз. Таңданбаймыз. Мұның бәріне адами капиталды дамыту арқылы қол жеткізіп отырмыз.

Экономиканың дамуыда табиғи капитал мен адами капиталдың әсері бар десек, ХХІ ғасырда екіншісінің үлесі басымдыққа ие болуда. Сондықтан зияткерлік активтермен өлшенетін адами капиталды білім беру жүйесінде дамыту қолға алынып, оқушылардың сапалы білім алуына жан-жақты жағдай жасалуда. Мұны біз сезініп жүрміз, әрі сапалы орындауға күш саламыз.
Тұңғыш Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында білім саласын дамытудың айқын басымдықтарына жіте тоқталып, бұл сананы дамытудың маңызына тоқталды. Егер өркениет көшінде лайықты орын аламыз десек осы Жолдаудағы басымдықтарды сапалы атқару маңызды деп санаймын.
Қазір жаңартылған бағдарлама кезең-кезеңімен мектептерге енгізіліп, заманауи талаптарға сай жауап беретін мультимедиялық кабинеттер құрылуда. Аудандық білім бөлімінің басшысы біздің мектепке де құруды орынды тапты. Мұндай қамқорлық үшін аудан басшыларына алғыс білдіремін. Қосымша құрылғылар ұстаздардың жұмысын жеңілдетіп ғана қоймай, талапкерге сапалы білім алуға, тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік туды. Бүгінде №53 А.Романов атындағы мектепте 74 компьютер, 17 планшет бар. 11 сыныпқа интерактивті тақта қойылды.
Биология кабинетіне соңғы үлгідегі «Н1 – ТД75» маркалы интерактивті панелі артықшылығы көп. Заманауи құрылғы арқылы оқушы үш тілді меңгеруге септігі бар, бір мезетте 10 оқушы жұмыс жасай алады. Сондай-ақ тақтамен жұмыс жасайтын мұғалім де, оқушы да қосымша заттардан арылады. Яғни, сабақ өтуге қажетті маркер немесе сызғыш, циркуль сияқты оқу құралдарының қажеті жоқ. Мұндай мүмкіндікті Айшаһар Бименова бастаған биология пәнінің мұғалімдері сәтті пайдалануда.
Мектеп интернет желісіне толығымен қосылды. 2016 жылдың қазан айынан бастап «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электрондық журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасына аудан бойынша алғашқылардың бірі болып жұмыс жасадық.
Әрине, кез-келген бағдарламаның жемісті болуы ұстаздардың біліктілігіне байланысты екені анық. Себебі мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Сондықтан реформаның жемісті болуы – ұстаздың біліктілігіне байланысты. Бізде 84 мұғалім білім берсе, оның 74-і жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша біліктілігін шыңдады. Үш педагог-зерттеуші, 12 педагог-модератор, 35 педагог-сарапшы біліктілік санаты бойынша жұмыс жасайды. Информатика пәнінің мұғалімі Нұркүл Шайдарова сабақты ағылшын тілінде жүргізуде.
Білімнің көзі кітапта десек, біздің кітапханашы Мәдина Молжанова оқулықтар мен көркем әдебиеттерді мұқиятылығымен ерекшеленеді. Бүгінде кітапханада 12 мың оқулық, 3,5 мың көркем әдебиет бар. Одан бөлек 1,5 мың методикалық журналдың қоры сақталған. Мұндай рухани байлық оқушының сапалы білім алуына, ұстаздардың дайындалуына таптырмайтын құндылық деп ойлаймын.
Айта кететіні, білім ордасында Ұлы Отан соғысының батыры Александр Романов атындағы музей бар. Онда 920-дан аса құнды жәдігерлер жиналды. Мұнда Ұлы Дала елінің тарихынан хабар беретін жәдігерлерді табуға болады. Яғни Сығанақ қаласына тиесілі жәдігерлерді көресіз. Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестер жайлы және мектепте білім берген ардагер ұстаздардың еңбегінен хабар беретінде фото-суреттер мен тұтынған заттары қойылды. Музей жұмысын жандандыруда Мархабат Периеваның еңбегін айту керек.
Әдетте, капитал дегенде ойға қаржы, алтын, күміс келетіні анық. Бүгінгі адам капитал дегеніміз одан да маңызды. Яғни адамның бойындағы білімі, қабілеті, тәжірибесі, даналығы, іскерлігі дамудың даңғыл жолына бастайды. Осыған байланысты білім, енді, экономикалық категорияға айналды, ақшалы адам емес, білімді адамның мәртебесі жоғары бола бастады. Біз осыны терең түсінуіміз керек. Сонда ғана, адами капиталды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі болды.

Нарымбет КӨЛЖАНОВ,
аудандық мәслихаттың депутаты,
№53 А.Романов атындағы мектептің директоры
12 сәуір 2020 ж. 803 0