Бизнесте жүйелі жоспар маңызды
Сөз жоқ, қазір кәсіп еткеннің күні жарық. Иә кәсіптің көзін тауып, ісін дамыта алғандардың дәурені жүріп-ақ тұр. Бұл – нарықтың талабы. Сондықтан шағын және орта бизнесті бастауға ниеттілердің саны артып келеді.
Кәсіптің ұтымды жолы – отбасылық бизнесте. Бұл – ақиқат. Бірақ мұны екінің біріне өркендету қиын-ақ. Ол үшін не керек? Тәуекелшілдік пен еңбекқорлық, нарықтық маркетингті меңгеріп, жарнама жасауды жүйелей білуі маңызды. Бұл жағы бізде кемшін екені айдан анық. Неге дейсіз бе? Тамыз айында мемлекеттік грантты ұтып алуға 156 адам құжат тапсырды. Оның 91-і 555 мың теңгеге бір бұзаулы сиыр мен бір қашар алып, бизнесті өркендетуге бел байлапты. 12-і кондитерлік өнімдерді өңдеуге басымдық берсе, 8-і тігін шеберханасын дамытуға, сондай-ақ құс шаруашылығы, көлік жуу орталығы мен шаштараз ашуға ниет танытыпты.
Әр адамның қабілет-қарымы әртүрлі. Соған сәйкес жоспар құрып, бизнес дамытуға қарекеттенеді. Мұны теріске шығару қисынға келмейді. Бірақ нарықты зерттеп, жүйелі жоспарлау маңызды екені алдымыздан шығады. Әсіресе өнім өндіру кластерін даму қажеттілік екені анық. Ашығын айтқанда, біздің нарық импортқа тәуелді. Мұны карантин кезінде айқын сезінудеміз.
Иә, біздің тұрғындар мал ұстап, оны бағып-бағуға епті. Сыр өңірінің төрт түлігінің үштен бірі біздің ауданда. Қайтарымсыз гранттардан бөлек мемлекеттік бағдармалар аясында мал шаруашылығын дамытып жатқан шаруашылықтар көп. Қыр мен Сырда түлік басы жыл өткен сайын артып келеді. Алайда одан не пайда өз нарығымызды өзіміз реттей алмасақ, мал өнімдерінен дайын өнім өндіре алмасақ. Қазір далада қойдың терісі мен жүні шашылып жатыр. Өтпейді. Сосын өртейді. Бұл – бізде өнімді өткізетін нақты ресурс жоқ екенінің дәлелі.
Мысал келтіре кетейін, Павлодар облысының Успенка ауданында Константиновка деген шағын елді мекен бар. Ондағы тұрғындар үшін екі сиыр ұстаса өмір сүруге жеткілікті. Себебі балмұздақ өндіретін цехқа бір сиырдың сүтін өткізеді, екінші сиырдың өнімін өздері тұтынады. Осылайша тұрғындар ай сайын цехтан 100 мыңнан аса теңгені пұлдап отыр.
Екінші мысал, ел ағасы Алшынбай Тұртанов Түркияда көргенін айтқан еді. Оның сөзінше, қазақтар шоғырланған аудандағы үш этажды шағын цехты көреді. Онда теріні былғарыға дейін, жүнді матаға дейін өңдеп, тігін цехына жібереді. Ал шеберханада тігілген киімдер Еуропаға экспортталады екен.
Міне, бізге керегі де осындай мал өнімдерін өңдейтін шағын цехтар. Әрине 555 мың теңгеге мұндай бизнесті дамытып кету қолдан келмес. Ірі-ірі кәсіпкерлер қолға алса, кәсіпті енді бастағандар өнім өндіруге атсалысса, кластерлік өнім өндіру дамитын еді.
Бұған Үкімет тарапынан қолдау тетіктері қаралған. Тек ұтымды шешім, жүйелі жоспар жетіспей тұрғандай.
Енді қайтарымсыз грант алуға өтініш беріп, комиссияда қорғаған тұрғындардың кейбіріне тоқтала кетсем. Бұған дейін «Өрлеу» бағдарламасы бойынша қаржы алып, оған ешкі алып, кәсібін бастаған Айнұр Сарбасова бизнес-жоспарын ұсынды. Ол бастаған ісін дамытуға ниетті екенін дәлелдеді.
– Нарықта ешкі сүтіне сұраныс жоғары. Бағасы да қымбат. 1 литрі 500 теңге. Қазір ешкі сүтіне сұраныс артып келеді. Үйдегі ешкінің сүті жете бермейді. Сондықтан екі ешкі, бір лақ, бір теке алып, істі дамытуға ниеттімін, – дейді Жаңақорған кентінің тұрғыны Айнұр Пақырқызы.
Бұған дейін мегаполистерде тағам өнімдерін өңдейтін цехтарда жұмыс істеп, тәжірибе жинаған Сәуле Әділбекова тұшпара өндіруді қолға алатынын айтып, қаржы сұрады. Сондай-ақ «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша білімін жетілдірген Ғалия Тілеубергенова наубайхана ісін қолға алмақ. Ресейдің Иванова қаласынан мата алдырып, тігін тігетін Набат Әбуованың бизнес бастамасын комиссия мүшелері жоғары бағалады.
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ