№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

ЖЕТІ ЫРЫМ

Қазақ халқы әлімсақтан бері тұрмыс-тіршілігін діни  немесе қазақи ырымдармен байланыстырып отырған. Осы ырымдар жөнінде халық ауызында айтылса, түрлі басылымдарда да жазылып жарық көруде. Соның бірі жеті қазына десек қате бола қоймас. Қазақ халқы  жеті қазынаныжігіттік өмірімен байланыстырады. Онда жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қандауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік аталады.
Ер жігіттің жүйрік аты – қанаты. Қыран бүркіт – қуаты.Құмай тазы  – абыройынасырар сенімді серігі. Мылтығы –оты. Қақпаны – серті,ауы – әдіс-айласы, кездігі – сұсы. Қазақ халқының «Жеті қазынаны – жеті ырыс» деп атауының да мәні бар. Бұл тұрғыда ел аузында жеті қазына түрі нұсқада айтылып та жүр. Еліміздің  кейбір аймағында «Жүйрік ат, құмай тазы ер қайраты» деп жылқы малын да жеті қазына-ырыс қатарына қосады.   
Сондай бір нұсқаның бірінде жеті ырысқа мыналарды жатқызады.
Бірінші – адамның ақылы, ой-снасы.Өйткені адамзат ақылы арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп,ғарышқа самғады, әрі дүниенің қожасы болды.
Екінші–деннің саулығы. «Денсаулық–зор байлық».
Үшінші – ақжаулық.Халқымыз ежелден әйелді тіршілік иесі, адам өмірін жалғастырушы серігіміз деп пір тұтып, қастерлеген. «Бас екеу болмай,мал екеу болмайды», «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақжаулық, үшінші байлық – он саулық»деген нақылдар осыны аңғартады.
Төртінші – бала. Бала – адам өмірінің жалғасы, қуанышы. Өмірдің қиын-қыстауына ұшырап, қажып, шаршап-шадығып келгенде бала бәрін ұмыттырып, сергітеді. Сол үшін де «Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» саналады.
Бесінші – көңіл. Көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ пен береке орнайды.
Алтыншы – жер. «Жерсіз – ел тұл», ерсіз – жер тұл», «Ер – елдің баласы, жер – елдің анасы» деп халқымыз жердің қасиетін аңғартады.
Жетінші – ит. Ол әуел бастан-ақ адамның сенімді серігі болып саналып келеді. Адам итті тек сенімді серік деп қана қоймай оны түрлі салада (өрттен құтқарушы, мина іздеуші, мал бағушы т. т) пайдалануда.
Сондай-ақ діни аңыздарда да, оның ішінде діни аңыздарда жеті қазынаға мыналар жатқызылады.
Бірінші – Қыдыр (Қызыр). Ол өзі ұнатқан адамдарына ғана дариды. Дарыған байлыққа кенеледі.Қыдыр – Алланың керемет кісі етіп жаратқан  пайғамбары, сүйген құлы.
Екінші – Бақ. Ерекше жаратылған құдірет иесі.Бақ дарымайды, қонады. Ол қонған адам ел мен жерге қожалық етеді, несібесі артады. Сол үшін «Қыдыр дарып, бақ қонсын» деп бата беру халықтық тілекке айналған.
Үшінші – ақыл. Ақыл – байық пен бақыттың тірегі. Ақылды халық –берік қамал,жағасы кіреукесі жыртылмайтын сауыт деп саналады.
Төртінші – денсаулық. Деніңізде саулық болмаса, өміріңізде сән де, мән де болмайды делінеді.
Бесінші – ақ жаулық. Алла адамды топырақтан жаратып, жан берген соң, Адам Ата ұрпағын тарату үшін оның сол жақ қабырғасының біреуінен Һауа Ананы жаратқан.
Жалғыздық бір Аллаға ғана тән қасиет делінеді.
Алтыншы – тұз.  Тұз – Алланың адамдар мен жан-жануарға берген несібесі,таусылмайтын кені. Тұзсыз жасалғантағамда дәм де, мән де болмайды.
Жетінші  – ит. Ит Адам Ата мен Һауа Ананың алғашқы серігі, қорғаушысы.
Қысқаша айтқанда мұндай ырымдар туралы көптеп жаза беруге болады, әрі бұл өзге ұлттарда да көптеп кездеседі. Ал сіз не білесіз?
03 сәуір 2018 ж. 1 991 0