№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мониторинг – қызмет сапасын арттырады

Мониторинг – қызмет сапасын арттырады

Елдегі эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті. Тіпті соғыс жағдайы десек те болады. Мұндай қиын-қыстау кезде халыққа қажетті азық-түлік те, дәрі-дәрмек те қолжетімді бағада болғаны дұрыс. Осындай оңтайлы сәтті өз пайдасына жаратуға тырысқан алыпсатарлар мен кәсіпкерлер бағаны негізсіз көтеруде. Ондай кезде жағдайды бақылып, мониторинг жүргізу маңызды.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру күн тәртібіндегі негізгі мәселеге айналды.
Аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың тапсырмасына сәйкес, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаев, Жаңақорған аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Наурызбай Орынбасаров және аудандық «Ауғанстан ардагерлері және патриот жастары» қорының төрағасы Қуаныш Әбіләкимов сауда үйлеріндегі әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік бағасын тексерді. Яғни күріш, бірінші сұрыпты ұн, бірінші сұрыпты ұннан жасалған әлеуметтік нан, қарақұмық жармасы, рошки, сиыр еті, тауық еті, сүт пастерленген 3,2%, айран 2,5%, тауық жұмыртқасы, сары май, шемішке май, қырыққабат, жуа, сәбіз, картоп, құмшекер, тұздың бағасын біліп, Үкімет бекіткен бағамен сәйкестілігін тексерді.
Арнайы топ дүкендер мен сауда үйлерінің иелеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің бағасы аудан әкімінің күнделікті бақылауында екенін ескертіп, жөнсіз бағаны өсірмеуді айтты.
***
Жаңақорған ауданы прокуратурасының бастамасымен қадағалау аумағында дәрі-дәрмектерді негізсіз қымбаттатып сатқандарды анықтау және жауапқа тарту мақсатында аудандық полиция бөлімі, жергілікті атқарушы орган және «Nur Otan» партиясы өкілдерінің қатысуымен мониторингтік топ құрылды.
Мониторинг жүргізу барысында Жаңақорған кентіндегі екі дәріханада дәрілік заттардың қымбат бағамен сатылғаны анықталды. Яғни Жаңақорған кентіндегі дәріхананың бірінде «Супрастин» препаратының шекті бағасы – 1731,25 теңге бола тұра 2000 теңгеден сатылғаны белгілі болды.
Екінші дәріханада «Азитро» дәрілік препаратының шекті бағасы 4041,37 теңге бола тұра 4200 теңгеден, яғни 158,63 теңгеге қымбат бағамен сатылғаны анықталды.
Осы орайда, аталған деректер аудандық полиция бөлімінің ақпараттарды есепке алу кітабына тіркеліп, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін құзырлы органға жолданды.
Аудандық прокуратураның бастамасымен құрылған мониторингтік топ жұмысын жалғастырып, дәрілік заттардың бағасын заңсыз өсірмеуді бақылайтын болады.
Жұпар ШАЙМЕРДЕНОВА
18 шілде 2020 ж. 655 0